EasyManua.ls Logo

Philips Avent SCD506 - Нәресте бөлігіндегі функциялар мен кері байланыс; Түнгі шам; Бесік жыры функциясы; Ата-ана бөлігіне хабар жіберу

Philips Avent SCD506
96 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Нәресте бөлігіндегі функциялар мен кері байланыс
Түнгі шам
Түнгі шам нәрестеге қолайлы болатын жұмсақ шамды шығарады.
1 Түнгі шамды қосу үшін нәресте бөлігінің артындағы түнгі (сурет 14) шам түймесін басыңыз.
2 Түнгі шамды сөндіру үшін, түнгі шам түймесін қайта басыңыз.
Бесік жыры функциясы
1 Соңғы таңдалған бесік жырын (сурет 15) ойнату үшін, нәресте бөлігіндегі бесік жырын
ойнату/тоқтату түймесін басыңыз.
Таңдалған бесік жыры 30 минут бойы қайталанады.
2 Келесі бесік жыры түймесін басып, тізімнен (сурет 16) басқа бесік жырын таңдаңыз.
3 Бесік жырының дыбыс деңгейін реттеу үшін, нәресте бөлігіндегі + немесе – түймесін басыңыз.
4 Бесік жырын тоқтату үшін, нәресте бөлігіндегі бесік жырын ойнату/тоқтату түймесін басыңыз.
Ата-ана бөлігіне хабар жіберу
Ата-ана бөлігін жоғалтып алған жағдайда, оның орнын анықтау үшін, нәресте бөлігіндегі PAGE
(Пейджер) түймесін пайдалануға болады. Бұл функция тек ата-ана бөлігі қосулы кезде ғана жұмыс
жасайды.
1 Нәресте бөлігіндегі (сурет 17) PAGE (Пейджер) түймесін басыңыз. Ата-ана бөлігі хабар жіберудің
дабыл дыбысын шығарады.
2 Хабар жіберудің дабыл дыбысын тоқтату үшін, нәресте бөлігіндегі PAGE (Пейджер) түймесін қайта
басыңыз немесе ата-ана бөлігіндегі кез келген түймені басыңыз. Хабар жіберудің дабыл дыбысы 2
минуттан соң автоматты түрде тоқтайды.
Батарея күйінің жарығы
Нәресте бөлігі батареямен іске қосылғанда және батареяда жеткілікті заряд болғанда, батарея күйінің
жарығы тұрақты жасыл түсте болып жанады.
Батарея қуаты (сурет 18) арқылы жұмыс істеп тұрған нәресте бөлігінде заряд төмендеген жағдайда,
батарея күйінің жарығы жылдам қызыл түсте жыпылықтайды.
Ескерту: Нәресте бөлігі адаптермен қуатталған кезде, батарея күйінің жарығы өшеді.
Заряды азайғанда батареяларды ауыстырыңыз.
Ата-ана бөлігіндегі функциялар мен кері байланыс
Дыбыс деңгейі
Бес дыбыс деңгейі және "дыбыс деңгейін өшіру" параметрі бар.
Дыбыс деңгейін орнату
1 + түймесін немесе - түймесін бір рет басыңыз.
Дыбыс деңгейі шамдары ағымдағы дыбыс деңгейін (сурет 19) көрсетеді.
2 Дыбыс деңгейін көтеру үшін + түймесін, ал төмендету үшін - түймесін басыңыз.
86
Қазақша

Table of Contents