Қазақша
89
Өңдеу
-
Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен бірге тастауға болмайтынын білдіреді
(2012/19/EU) (сурет 25).
-
Бұл белгі осы өнімде күнделікті үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайтын кірістірілген қайта
зарядтауға болатын батареялар бар (2006/66/EC) (сурет 26).
-
Электрондық және электр өнімдері мен зарядталатын батареяларды бөлек жинау бойынша
жергілікті ережелерді орындаңыз. Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері
әсерін тигізбеуге көмектеседі.
Қайта зарядталатын және бір жолғы батареяларды алып
тастау
Қайта зарядталатын және бір жолғы батареяларды алып тастау үшін, пайдаланушы нұсқаулығындағы
батареяларды орналастыру және/немесе алып тастау нұсқауларын көріңіз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Сұрақ Жауап
Бөліктердегі қосу/өшіру
түймелерін басқан кезде,
нәресте бөлігіндегі қуат
жарығы мен ата-ана бөлігіндегі
"байланыс" шамы неге
жанбайды?
Мүмкін ата-ана бөлігінің қайта зарядталатын батареясы бос және
ата-ана бөлігі тоққа қосылмаған болар. Кіші ашаны ата-ана бөлігіне
қойып, адаптерді қабырға розеткасына қосыңыз. Нәресте бөлігімен
байланыс орнату үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Мүмкін нәресте бөлігінің қайта зарядталмайтын батареялары бос
және нәресте бөлігі тоққа қосылмаған шығар. Қайта
зарядталмайтын батареяларды алмастырыңыз немесе нәресте
бөлігін тоққа қосыңыз. Ата-ана бөлігімен байланыс орнату үшін,
қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Неліктен ата-ана бөлігін қайта
зарядтауды бастаған кезде
ата-ана бөлігіндегі батарея
күйінің шамы жанбайды?
Батарея күйі шамдары жанбай тұрып, әсіресе, ата-ана бөлігін
бірінші рет зарядтау кезінде немесе ұзақ уақыт пайдаланбаған
кезде бірнеше минут өтуі мүмкін.
Нәресте бақылаушысы
жасырын тыңдаудан және
кедергілерден сақ па?
Осы нәресте қадағалаушының DECT технологиясы басқа
құралдардан кедергі болдырмайды және жасырын тыңдаудың
алдын алады.
Неліктен ата-ана бөлігі дыбыс
шығарады?
Егер "байланыс" жарығы қызыл болып жымыңдап тұрған кезде ата-
ана бөлігі дыбыс шығарса, онда нәресте бөлігімен байланыс
жоғалды деген сөз. Ата-ана бөлігі мен нәресте бөлігі арасындағы
байланысты қайта орнату үшін, ата-ана бөлігін нәресте бөлігіне
барынша жақын жылжытыңыз.
Пластик бума материалдарында LDPE бар, басқаша көрсетілмеген жағдайда.
Пластик емес бума материалдарында қағаз немесе картон бар.