Үтіктеуге болмайтын маталарды үтіктемеңіз.
Осы бу генераторында үтіктеуге болатын бүкіл мата түрлерін үтік
температурасын немесе бу параметрін реттеместен үтіктеуге
мүмкіндік беретін Optimal Temp технологиясы қолданылған.
1 Мына белгілері бар маталарды (мысалы, зығыр, мақта-мата,
полиэстер, жібек, жүн, вискоза, жасанды жібек) үтіктеуге болады.
2 Мына белгісі бар маталарды үтіктеуге болмайды. Бұл маталардың
құрамында спандекс немесе эластан, спандекс аралас талшықтар
және полиолефиндер (мысалы, полипропилен) сияқты
синтетикалық талшықтар бар. Сондай-ақ, басылған суреті бар
маталарды да үтіктеуге болмайды.
1 Бу генераторын тұрақты және тегіс жерге (мысалы, үтіктеу
үстелінің қатты бөлігіне немесе үстелге) қойыңыз.
2 Су ыдысында жеткілікті су бар екенін тексеріңіз («Алынбалы су
ыдысын толтыру» бөлімін қараңыз).
3 Бу генераторын қосу үшін, штепсельдік ұшты жерге қосылған
розеткаға жалғап, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
, «Үтік дайын» жарығы жыпылықтап, бу генераторының қызып
жатқанын білдіреді.
, Бу генераторы пайдалануға дайын болғанда, «Үтік дайын» жарығы
жыпылықтамай жанып тұрады.
63