4 Тек арнайы түрлерде: тасымалдау бекітпесін босату түймесін
басып, үтікті түпқоймасынан шығарып алыңыз.
5 Бумен үтіктей бастау үшін, бу шығарғышын басыңыз.
Қиын қатпарларды кетіру үшін, буды күшейту функциясын қолдануға
болады.
1 Буды күшейту түймесін басыңыз.
Буды адамдарға бағыттаушы болмаңыз.
Ескертпе. Буды күшейту функциясын бірінші рет қолданған кезде,
үтік табанынан бірнеше су тамшысы шығуы мүмкін. Буды күшейту
функциясын біраз қолданғаннан кейін, судың тамшылауы тоқтайды.
Үтіктен ыстық бу шығады. Киімді киіп тұрып үтіктеуші болмаңыз!
Үтіктің жанында өзіңіздің немесе басқа біреудің қолы тұрса, буды
шығармаңыз.
1 Киімді киім ілгішке асып, бір қолмен мықтап тартыңыз.
2 Киімді бумен үтіктеу үшін, үтікті тігінен ұстап, бу шығарғышты
басыңыз.
3 Үтіктің табанын киімге ақырын тигізіп, қатпарларды жазыңыз.
4 Қиын қатпарларды кетіру үшін, буды күшейту түймесі мен бу
шығарғышты бірге басыңыз.
Біраз уақыт бойы (шамамен 10 минут) іссіз тұрғанда, бу генераторы
автоматты өшеді қосу/өшіру түймесіндегі автоматты өшіру
жарығы жыпылықтай бастайды. Бу генераторын қайтадан қосу үшін,
оның үстіндегі кез келген түймені басыңыз. Бу генераторы қайтадан
қыза бастайды.
64