EasyManua.ls Logo

Stihl MH 685 - Page 459

Stihl MH 685
486 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
457
AZKK
0478 403 9802 B - KK
Назар аударыңыз! Жұмыс істеу
барысында қопсытқыш топырақ
кесектерін, тастарды жəне т.б. ауаға
лақтыруы мүмкін.
Құрылғымен тек бір адамға жұмыс
істеуге рұқсат беріледі. Қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрғанда пайдаланушы
үнемі жұмыс аймағында болуы тиіс.
(Ö 10.1)
Пайдаланған кезде, меңгеріктен басқа,
құрылғыны тасымалдауға арналған
тұтқаларынан, қалқан немесе
құрылғының басқа бөлшектерінен ұстап
көтеруге, итеруге жəне тартуға тыйым
салынған əсіресе оны сырттан келген
адамдарға тыйым салынады.
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды. Қозғалғыш механизм
жетегінің тұтқышын меңгеріктің жоғарғы
жағына бекітуге қатаң тыйым салынады
(мысалы, байлау арқылы).
Назар аударыңыз: жарақат
алу қаупі бар!
Айналмалы бөлшектердің
жанына қол-аяқтарыңызды
ешқашан жақындатпаңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғыдан əркез
қауіпсіз қашықтықта тұрыңыз. Қауіпсіз
қашықтық дұрыс орнатылған жəне
жазылған меңгеріктің ұзындығына
сəйкес келуі тиіс Басқару тұтқасының
құрылымын өзгертпеңіз жəне
құрылғыны ешқашан да жинаулы тұрған
басқару тұтқасымен пайдаланбаңыз.
Ешбір жағдайда заттарды меңгерікке
қыстырмаңыз (мысалы, жұмыс киімін).
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Қопсытқыш жұлдызшалар орнатылған
құрылғыны асфальт жабындарға, тас
плиталарға жəне т.б. беттерге
пайдалануға болмайды.
Еңістер, алқап жиектері, арықтар мен
бөгеттердің жанында жұмыс істеген
кезде құрылғыны абайлап
пайдаланыңыз. Əсіресе мұндай қауіпті
жерлерден жеткілікті қашықтықта
болуын қадағалаңыз.
Пайдаланылып болған газ:
Қозғалтқыш əзірше істеп
тұрғанша құрылғы
пайдаланылып болған газды
шығарады. Бұл газдардың
құрамында улы көміртегінің қос тетігі,
түссіз жəне иіссіз газ, жəне басқа да
зиянды заттар бар. Қозғалтқышты
жабық жəне нашар желдетілетін үй-
жайларда ешқашан да қосуға
болмайды.
Қалдық газдардың шығу бағытын
ескеріңіз. Қалдық газдарды ешқашан да
адамдарға бағыттамаңыз.
Іске қосу:
Құрылғыны абайлап іске қосыңыз
«Құрылғыны іске қосу» (Ö 11.)
бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
Аталған нұсқауларға сай іске қосу
жарақат алу қаупін азайтады.
Жарақат алу қаупі бар!
Стартер арқаны жылдам кері секіріп
кеткенде, білезік пен қол стартер
арқанының босатылуынан жылдамырақ
іштен жанатын қозғалтқыш ішіне
тартылып қалады. Мұндай кері соғу
сүйек сынығына, қысылуға жəне буын
шығуға апарып соғуы мүмкін.
Аяқтарыңыз жұмыс құрал-сайманнан
едəуір қашықтықта болғанын байқап
тұрыңыз.
Бастау кезінде құрылғыны аударуға
болмайды.
Іске қосылған кезде механизмнің жетек
біліктері басылуы тиіс.
Еңістерде жұмыс істеу:
Еңіс жерде тек көлденең бағытта
қозғалуға болады, бірақ бойлай
қозғалмаңыз.
Ылдида жұмыс істеген кезде жұмыс
істеуші құрылғыдан төмен болуға
болмайды. Құрылғыны басқара алмай
қалған жағдайда астына түсіп қалуыңыз
мүмкін.
Егер Сіз қозғалыс бағытын жүріп жатқан
кезде өзгертетін болсаңыз, өте сақ
болыңыз.
Улану арқылы өлім қауіп-қатері
бар!
Жүрегіңіз айныған, бас ауырған,
көру қабілетіңіз нашарлаған
(мысалы, көру ауқымы азайса),
есту қабілетіңіз нашарласа,
басыңыз айналса, зейін қою
қабілеті төмендесе, жұмысты
дереу тоқтатыңыз. Бұл
симптомдар жанатын өнімдердің
жоғары мөлшеріне байланысты
болуы мүмкін.

Table of Contents

Related product manuals