0478 403 9802 B - KK
464
7.6 Сақтандырғыш
тақтайшаларды орнату
● Сақтандырғыш
тақтайшаларға (F, G) орнатылған
бұрандаларды (1) тексеріңіз –
оларды толығымен бұрап алмаңыз.
● Қозғауыш кішкентай кетпенді тазалау
позициясына келтіріңіз. (Ö 12.2)
● Сол жақ сақтандырғыш
тақтайшаны (F) үш алдын ала
орнатылған бұранда (1) қақпақтағы
үш тесікке (2) кіретіндей етіп енгізіңіз.
● Сақтандырғыш тақтайшаны (F) алға
жылжытып, ұстап тұрыңыз.
● Бұрандаларды (1) бұрап, 10 - 12 Нм
айналдыру моментімен бекітіңіз.
● Сақтандырғыш тақтайшаның (F)
берік бекітілгенін тексеріңіз де, содан
кейін оң жақ сақтандырғыш
тақтайшаны (G) дəл сол əдіспен
орнатыңыз.
7.7 Қопсытатын
жұлдызшаларды орнату
MH 445, MH 445 R
● Қозғауыш кішкентай кетпенді тазалау
позициясына келтіріңіз. (Ö 12.2)
Қопсытатын жұлдызшаның
анықтамасы:
– Қопсытатын жұлдызша (1):
білікке кигізілетін төлкенің бірегей
сыртқы диаметрі (2).
– Қопсытатын жұлдызша (3):
білікке кигізілетін төлкенің өзгеше
сыртқы диаметрі (4).
1
● Сақтандырғыш шығыршықты (K)
жетек білігінде (5) тірелмегенше
жылжытыңыз. Сақтандырғыш
шығыршықтың ойықтары беру
былғары қаптамасының (6) үш
шығыңқы жеріне енгізілуі тиіс.
● Қопсытатын жұлдызшаны (1) білікке
кигізілетін қысқа төлке (2) беру
былғары қаптамасына қарап
тұратындай етіп, ал жүздері (7) алға
қарап тұратындай етіп
орналастырыңыз. Қопсытатын
жұлдызшадағы көрсеткілер (8) жəне
беру былғары қаптамасындағы (6)
көрсеткі (9) бірдей бағытта көрсетіліп
тұруы тиіс.
● Қопсытатын жұлдызшаны (1) жетек
білігіне (5) қойыңыз.
● Қопсытатын жұлдызшаны (1) білікке
кигізілетін төлке мен жетек білігінің
тесіктері сəйкес келетіндей етіп
бұраңыз.
2
● Қайырмалы шплинтті (S) тесіктер
арқылы енгізіп, сақтандырғыш
қапсырманы жауып қойыңыз.
3
● Қопсытатын жұлдызшаны (3) білікке
кигізілетін төлкенің (4) кішкентай
сыртқы диаметрі бекітіліп қойылған
қопсытатын жұлдызшаға (1) қарап
тұратындай етіп, ал жүздері (7) алға
бағытталатындай етіп
орналастырыңыз. Қопсытатын
жұлдызшадағы көрсеткілер (8) жəне
беру былғары қаптамасындағы (6)
көрсеткі (9) бірдей бағытта көрсетіліп
тұруы тиіс.
● Қопсытатын жұлдызшаны (3)
орнатылып қойылған қопсытатын
жұлдызшаның (1) ішіне енгізіңіз.
● Қопсытатын жұлдызшаны (3) екі
қопсытатын жұлдызшадағы тесіктер
сəйкес келетіндей етіп бұрап
бекітіңіз.
7
8
Монтаждау жөніндегі
нұсқауларды қатаң ұстаныңыз.
Əсіресе əрекеттердің тəртібін
сақтаңыз жəне сақтандырғыш
шығыршықты, қопсытатын
жұлдызшаларды жəне
қайырмалы шплинттерді
сипаттамаға сай толығымен
орнатыңыз. Қайырмалы
шплинттерді орнатқанда
сақтандырғыш қапсырманың
көрсетілген енгізу бағыты мен
күйін ұстаныңыз. Қате немесе
шамадан тыс бұралып
орнатылған жағдайда қайырмалы
шплинт өздігінен босатылып,
жоғалуы мүмкін.
Жұмыс нəтижесі толықтай тиімді
болуы үшін, қопсытатын
жұлдызшалардың жүздері алға
(бас тұтқаға қарай емес) қарап
тұруы тиіс – көрсеткі бағытын
бақылап отырыңыз.