48
ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны алғашқы рет пайдаланудан
бұрын нұсқаулықты оқыңыз және келешекте
пайдалануүшінсақтаңыз:дұрыспайдаланбау
SEB жауапкершілігінен босатады.
• Егер құрылғыны түсіріп алсаңыз, көрінетін
зақымы немесе элементтерінде ақаулық
болса, қолданбаңыз. Егер осы жағдай орын
алса, құрылғыны бекітілген қызмет көрсету
орталығына жіберіңіз.
• Егер қуат сымы зақымданған болса,
қандай да бір қауіпті болдырмау үшін, ол
өндірушімен, бекітілген қызмет көрсету
орталығымен немесе сәйкес біліктілігі бар
маманмен алмастырылуы қажет.
• Бұлқұрылғының1,2және3бағдарламаларын
3 және жоғары жастағы балалар ересек
адамныңқадағалауыменнемесеқұрылғыны
қауіпсіз пайдалану нұсқауларын алған және
қауіптерді толығымен түсінетін балалар
қолдана алады. Құрылғыны тазалауды және
техникалық қызмет көрсетуді қадағалаусыз,
8 жасқа толмаған болса және ересек
қадағалап жатпаса орындамауы керек.
Құрылғыны және оның сымын 3 жастан кіші
балалардан аулақ жерде сақтаңыз.