18
орталыққа кепіл дік талонында көрсетілген
байланысу мекенжайы бойынша және
www.vitek.ru сайтына жүгініңіз.
•
Құрылғы зақымданбас үшін құрылғыны тек
заут орамасында тасымалдаңыз.
•
Құрылғыны құрғақ салқын орында, бала-
лардың және мүмкіндігі шектеулі адам-
дардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙ-
ЛАРДА ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН.
ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙ-
ЛАРЫНДА АСПАПТЫ ПАЙДА ЛАНУҒА ЖӘНЕ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДА ЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
(9) ШЫНЫАЯҚТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
•
Құрылғыны және оның бөлшектерін
тура тағайыны бойынша пайдаланыңыз.
Қыздырғыш құралдар мен пісіргіш беттерге
қою арқылы өнімдер әзірлеу үшін шыныаяқты
пайдалануға тыйым салынады.
•
Шыныаяқты басқа сыйымдылықпен
ауыстырмаңыз.
•
Қыздырғыш элементі мен (9) шыныаяқ
түбі әрқашан таза және құрғақ болуын
қадағалаңыз.
•
Шыныаяқты өнімдерді араластыруға
арналған сыйымдылық ретінде пайдалан-
баңыз. Күюге қарсы жабындының зақым-
дануын болдырмау үшін, шыныаяқтың
тікелей ішінде өнімдерді ешқашан
ұсақтамаңыз.
•
Күюге қарсы жабындысының зақымдануы
немесе деформациясы болған жағдайда
шыныаяқты пайдаланбаңыз.
•
Небір бөгде заттарды ешқашан шыныаяқтың
ішінде сақтамаңыз және қалдырмаңыз.
•
Тағамдарды тостағанда әзірлеген кезде
оларды пластик ожаумен (12) ғана
араластырыңыз.
•
Күюге қарсы жабындыны зақымдап
кетуі мүмкін болатын, металл заттарды
пайдаланбаңыз
•
Әзірлеу тәртіптемесін таңдамас бұрын,
шыныаяқ дұрыс қойылғанына көз жеткізіңіз.
•
Тағам әзірлеу барысында дәмдеуіштер
мен қоспаларды пайдалансаңыз, әзірлеп
болғаннан кейін бірден (9) шыныаяғын жуу
ұсынылады.
•
Өнімдерді әзірлеп болғаннан кейін күюге
қарсы жабындыны зақымдап алмау үшін (9)
шыныаяғын бірден суық су астына қоймаңыз,
алдымен салқындатып алыңыз.
•
(9) шыныаяғы ыдыс жуатын мәшинеде
жууға тағайындалмаған.
БІРІНШІ ПАЙДАЛАНАР АЛЫНДА
Тасымалданғаннан кейін немесе құрылғы
төмен температурада сақталған болса
оны бөлме температурасында үш
сақаттан кем емес уақыт ұстау қажет.
– Құрылғыны орамасынан шығарыңыз,
мультипісіргіштің жұмыс істеуіне кедергі
келтіретін, барлық қаптама материалдарын
және кез келген жапсырмаларды алып
тастаңыз.
– Мультипісіргішті тегіс жылыға төзімді бетке
орналастырыңыз, асүйдегі барлық жылу
(газ плитасы, электр плита немесе пісіргіш
панель сияқты)көздерінен алшақ ұстаңыз.
– Құрылғыны мультипісіргіш корпусы мен
қабырға арасындағы қашықтық 20 см-дан
кем болмайтындай, ал үстіндегі бос кеңістік
30-40 см-дан кем болмайтындай етіп
орналастырыңыз.
– Құрылғыны шығатын будың жоғары
температурасынан зақымданып кететін
заттардың дәл қасына қоймаңыз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна,
раковина немесе басқадай суға толы
сыйымдылықтарға жақын қоймаңыз.
– (4) батырмасына басып, (3) қақпағын
ашыңыз.
– Барлық алынбалы бөлшектерді – тостағанды
(9), тағамдарды бумен пісіруге арналған
науаны (10), ожауды (12) және өлшейтін
стаканшаны (11) – бейтаарп жуғыш заты
бар жұмсақ ысқышпен жуыңыз, ағын сумен
шайыңыз және құрғатыңыз.
– Құрылғы корпусын (1) дымқыл матамен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
МУЛЬТИПІСІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Назар аударыңыз!
•
Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
•
Мультипісіргішті алғаш пайдаланғанда
қыздырғыш элементінен бөгде иіс
шығуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай.
•
Әзірлеуді бастау алдында, мульти-
пісіргіш қақпағы тығыз жабылғанын
тексеріңіз.