EasyManua.ls Logo

Vitek VT-8490 - Page 19

Vitek VT-8490
44 pages
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
19
ҚАЗАҚША
(23) 3 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз.
Судың 80-90 секунд бойы ағуына мүмкіндік
беріңіз.
• Батырманы (23) қайталап басып судың кесеге
құйылуын сөндіріңіз.
• Сүт көпіршігін беру реттегішін (9) бұрып
«Тазалау» шаю режимін таңдаңыз.
• Одан кейін капучиноны әзірлеу түймесін (24)
3 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. Судың
80-90 секунд бойы ағуына мүмкіндік беріңіз.
• Батырманы (24) қайталап басып судың кесеге
құйылуын сөндіріңіз.
• Басқару түймелерінің жарығы үнемі жанып
тұратын болады, бұл құрылғы пайдалануға
дайын екенін және бойлердің шайылғанын
білдіреді.
Назар аударыңыз!
• Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде сүзгі
ұстағышты (19) шешіп алуға тыйым салынады.
• Сүзгі ұстағышты (19) кофе әзірленіп болғаннан
кейін бірден шешіп алмаңыз, себебі сүзгінің
ішінде шамадан тыс су қысымы және бу болуы
мүмкін, кофебұқтырғыштың суығанын күтіңіз.
• Сүзгі ұстағышты (19) шешіп алу үшін тұтқаны
сол жаққа қарай бұрып, ұстағышты шешіп
алыңыз.
Дұрыс көлемді кесені таңдау жолдары
Сусын Дайын өнімнің
шамалас мөлшері
Эспрессо Бір ішім
Екі ішім
30-40 мл
70-80 мл
Капучино Бір ішім
Екі ішім
170 мл
280 мл
Латте Бір ішім
Екі ішім
340 мл
430 мл
Ескерту:
• Пайдаланылатын кеселерді алдын ала
қыздырып алу қажет, бойлердегі су
қыздырылып жатқан кезде кеселерді алаңға
(1) орнатыңыз.
Эспрессо кофесін әзірлеу
• Құрылғының өшірулі тұрғанына көз жеткізіп
алыңыз.
• Ыдысты (16) шешіп алыңыз, оған суық суды
құйыңыз да, орнына орналастырыңыз (1-сур.).
• Кофеге арналған сүзгілердің біреуін (20
немесе 21) таңдаңыз да, оны сүзгідегі дөңесті
ұстағыштағы ойыққа (19) келтіріп ұстағышқа
(19) орнатып, сүзгіні сағат тілінің бағытымен/
тіліне қарсы бағытта бұраңыз (3, 4-сур.).
• Ұсақталған кофені сүзгіге себіңіз: 2 толық
өлшеуіш қасық – екі ішім кофе әзірлеу үшін
және 1 толық қасық – бір ішім кофе әзірлеу
үшін, ұсақталған кофенің бетін тегістеңіз
және өлшеуіш қасықтың (22) кері бетімен сәл
тығыздаңыз.
• Сүзгі ұстағышын кофеқайнатқышқа орнатыңыз.
Ұстағыштың (19) дөңесі бойлердегі ойықтарға
сәйкес келуі керек (5-сур.), одан кейін сүзгі
ұстағыштың тұтқасын (17) оң жаққа түбіне дейін
бұраңыз (6, 7-сур.).
• Ыңғайлы кесені тиісті табандық (3 немесе
5) үстіне қойыңыз және тұтқаның көмегімен
(8) түтік-капучинаторды (2) кесеге қарай
бағыттаңыз (8-сур.).
• Желілік шнурдың ашасын электр розеткасына
сұғыңыз.
• Түймені (14) басып, кофебұқтырғышты қосы-
ңыз, басқару тақтасындағы түмелердің
(23, 24 және 25) жарығы жыпылықтай
бастайды.
Ескерту: Егер құрылғы 15 минут ішінде
пайдаланылмаса, онда ол қауіпсіздік мақса-
тында автоматты түрде күту режиміне
ауысады (бойлерді қыздыру ажыратылады,
басқару түймелерінің жарығы сөнеді). Жұмыс
режиміне қайтару үшін кез келген басқару
түймесін басыңыз.
• Басқару тақтасындағы түймелер жыпы-
лықтауын тоұтатқан кезде, эспрессо әзірлеу
түймесін (23) бір ішім кофе (30-40 мл)
әзірлеу үшін бір рет басыңыз.
Ескерту: Түйме жарығы (23) жыпылықтауын
басқалардан бұрын тоқтатады – бұл қалыпты
жағдай.
• Екі ішім эспрессо әзірлеу үшін түймені (23) екі
рет басыңыз.
• Эспрессоны өз қалауыңыз бойынша әзірлеу
үшін түймені (23) 3 секунд бойы басып ұстап
тұрыңыз. Құрылғы 150 мл эспрессоға дейін
дайындай алады, одан кейін ажыратылады.
• Сіз өз қалауыңыз бойынша түймені (23)
қайта басып, кесеге кофенің құйылуын
тоқтатуыңызға болады.
Ескерту:
• Кофені қайта әзірлеуді арасына кемінде
5 минут салып барып жүргізу керек.