39
түрін (мырышталған немесе тот баспайтын болат) білуіңіз керек. Жүйеңізбен бірге берілген үлгілердің нұсқауларын
орындаңыз. Орнатуды дұрыс жоспарлау сатыда тұру уақытын азайтуы және қауіпсіздікті жақсартуы мүмкін.
1-суретте орнатылған Cabloc тік жүйесінің құрамдастары көрсетілген. Құрамдастар әртүрлі болса да, Cabloc жүйесін
орнату процедурасы барлық қолданыстарда бірдей болады. Cabloc жүйесін орнатқан кезде, жүйені құрылымның
жоғарғы ұшынан бастап орнатуға ұсыныс беріледі. Cabloc жүйесін орнатудың негізгі қадамдары:
1-қадам. Жоғарғы анкерлік бекіткішті орналастырып, бекіту (2-сурет): Жоғарғы анкерлік бекіткішті сатыға
орнатыңыз.
2-қадам. (Cabloc жүйесі) Арқанды бекіту (2a суреті): арқан ұштығын құлақшадан өткізіп, оны бірге берілген
құлақша істігін пайдаланып жоғарғы бекіткіш анкерге бекітіңіз.
3-қадам. (Cabloc Pro жүйесі) Ұштығын қысу: Cabloc Pro жүйелерінде 3M компаниясының 1x19 тот баспайтын
болаттан жасалған арқанды ғана (немесе) сақтандыру арқаны ретінде пайдаланыңыз (бөлшектер тізімін
қараңыз). Қажетті ұштық жалғағышты сақтандыру арқанының әрбір ұшына алты қырлы қысқышпен және 3M
7241122 бөлшегімен ені 10 мм болатындай етіп минималды 38 кН (8543 фунт) күшімен қысыңыз.
Алты қырлы пішінде қысу кестесі
Арқан Қысқыш
қалып
Қысу
қадамдары
Қадам аралығы (11 A суреті) Қималардың ені (11 B суреті)
1 x 19 7241122 6 үздіксіз 1 мм - 1,5 мм (0,04 дюйм - 0,06 дюйм) 11,4 мм - 12,4 мм (0,45 дюйм - 0,49 дюйм)
Бөлшек нөмірі, топтама нөмірі және қысу қадамының өлшемдері қысу бөлшегінің бүйірінде ойып жазылған.
A. Ұшы жабық қысу ұштығы: (12-сурет) Сақтандыру арқанын қысу ұштығының оқпанына толығымен
енгізіңіз. Арқанды қысу барысында оның қысу ұштығынан шығып кетпегенін бақылау үшін арқанның қысу
ұштығы жағын белгілеп қойыңыз.
B. Оқпанның жалғағыш ұшында болған кезде қысу ұштығын қысыңыз: (13-сурет) Арқанда бар
болса, керу құралын алып тастаңыз.
C Қысу ұштығының оқпанын тағы бес рет қысып, қысу ұштығы жағындағы жиекке немесе
ойыққа қарай жылжыңыз: (14-сурет). Әрбір кейінгі қысу әрекетінен кейін Алты қырлы пішінде қысу
кестесінде көрсетілгендей аралық қалып, соңғы қысу қадамы қысу ұштығының жиегіне сәл қалғанда
аяқталуы тиіс.
D. 6 қысу қадамы орындалған соң, әрбір қадамдағы қиманың енін штангенциркульдің көмегімен
өлшеп, олардың “Алты қырлы пішінде қысу” кестесінде көрсетілген ауқымда болғанына көз
жеткізіңіз. (15-сурет)
Барлық қысылған ұштарды 19 кН (4270 фунт) күшімен тартып тексеріңіз. Жүктемені ешбір сырғусыз 3
минут ұстаңыз.
4-қадам. Арқан бағыттағышын (8-сурет) немесе аралық кронштейн(дер)ді (9-сурет) бекіту: арқан
бағыттағышын немесе аралық кронштейн(дер)ді сатының басқыш(тар)ына орнатыңыз. Аралық кронштейндер
(9-сурет) кестеде көрсетілген аралықтарда орнатылуы қажет: Жүйе ұзындығының (A) негізінде қажетті
аралық тіреуіштердің саны (B) анықталады. Жүйенің ұзындығы 10 м-ден аз болса, аралық тіреуіштер қажет
болмайды. Cabloc жүйесі үшін, жүйе ұзындығы 10 м-ден артық болған жағдайда кемінде әр 10 м-де бір арқан
бағыттағышы қажет болады. Cabloc Pro жүйесі үшін, жүйе ұзындығы 10 м не одан артық болған жағдайда әр
5 м-ге бір аралық тіреуіш орнатылуы қажет.
5-қадам. Төменгі анкерлік бекіткішті орнату (5-сурет): жүйеге төменгі анкерлік бекіткішті орнатыңыз.
6-қадам. (Cabloc жүйесі) Төменгі бекіткіш сақинаны және арқан қысқыштарын орнату (5a суреті): Төменгі
бекіту сақинасын төменгі анкерлік бекіткішке орнатыңыз, оны сақинаға салыңыз және арқанды тұзақтап
байлаңыз. Содан кейін арқанды қозғалтпай ұстап тұруы үшін арқан қысқыштарын салыңыз (кемінде 2).
Кертік итеріліп шығып, керілістің пайда болғанын көрсеткенше сомынды қатайтыңыз. Арқан арнасын қосып,
орнатуды аяқтаңыз.
7-қадам. (Cabloc Pro жүйесі) Алты қырлы қысылған бұрама (6-сурет): егер жүйенің астыңғы жағында бұраманы
пайдаланатын болсаңыз, бұраманы алты қырлы пішінге келтіріңіз және оны төменгі анкерлік бекіткішке
салыңыз (алты қырлы қысу аспаптары мен сипаттамалары туралы мәлімет алу үшін 3M Fall Protection
компаниясына хабарласыңыз). Кертік итеріліп шығып, керілістің пайда болғанын көрсеткенше сомынды 12 мм
және 19 мм кілттермен қатайтыңыз. Арқан арнасын қосып, орнатуды аяқтаңыз.
; Арқанды орнату бойынша нұсқаулар: Арқанның аралық кронштейннен, тежегіш қанаттары бар болттан немесе
алты қырлы бұрамадан шыққан кездегі шығу бұрышы +/- 5˚ градустан кем болмауы керек. Бұл арқанның үйкеліп,
қатты зақымдалуына жол бермеу үшін жасалады. Және де бұл арқанда шоғырланған жүктеме жасамай-ақ жүйені
керуге мүмкіндік береді.
; Жүйенің ұзындығына және жүйенің орнатылған ортасына байланысты, жүйенің қайтадан керіп тұру қажет
болуы мүмкін. Шамадан тыс температура пайдаланылатын және тым ұзын жүйелерді жиі қайта керіп тұру керек
болады. Мәлімет алу үшін 3M Fall Protection компаниясына хабарласыңыз.
8-қадам. (Қосымша) Әмбебап анкерлік бекіткішті орнату (3-сурет): әмбебап анкерлік бекіткішті жүйенің
жоғарғы және төменгі жағына орнатуға болады. Арқанның жоғарғы жағын жоғарғы әмбебап анкерлік
бекіткішке жалғау үшін кірістірілген амортизаторды қолданыңыз. Жүйенің төменгі жағында суретте
көрсетілгендей кергішті орнатып, арқанды тұзақтап байлаңыз. Содан кейін арқанды қозғалтпай ұстап
тұруы үшін арқан қысқыштарын (2) салыңыз. Керіліс көрсеткіші еркін бұралып, керілістің пайда болғанын
көрсеткенше тартқыш бұраманы бұрап, арқанды қатайтыңыз. Арқан арнасын қосып, орнатуды аяқтаңыз.
4.0 АНЫҚТАМАЛЫҚ БЕЛГІЛЕР ЖӘНЕ ОРНАТУДАН КЕЙІН ЖҮЙЕНІ ТЕКСЕРУ:
A. Қондырманы және қызметтік белгішелерді сатыдағы немесе құрылымдағы көзге түсетін жерге орнатыңыз .
Белгішені сатыға немесе құрылымға бекіту үшін бірге берілген қамыттарды қолданыңыз. Белгішені орнатпай тұрып,
орнатылған күнін және тиісті орындардағы рұқсат етілген пайдаланушылар санын жазыңыз. Белгішеге жазу үшін
металл әріп мөрқалыптарын қолданыңыз. Жүйенің анықтамалық ақпаратын осы нұсқаулықтың соңындағы Орнату
тексерістерінің тізіміне жазыңыз.