EasyManua.ls Logo

Bosch Professional GWX 18V-15 C - 100.3 Аккумуляторды шығару; 100.4 Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы; 100.4.1 Аккумулятор түрі GBA 18 V...; 100.4.2 Аккумулятор түрі ProCORE18 V...

Bosch Professional GWX 18V-15 C
427 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
260 | Қазақ
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
u Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Кәдеге жарату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторда (7) аккумуляторды босату түймесі (8)
байқаусызда басылып кеткенде оның түсіп кетуінен
қорғайтын екі құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр
құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап
тұрады.
Аккумуляторды (7) шығару үшін босату түймесін (8)
басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып
шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл
түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін
көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр
құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің
индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз.
Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені
басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл
аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек
екендігін білдіреді.
Нұсқау: аккумулятор зарядының деңгейі пайдаланушы
интерфейсінде (4) де көрсетіледі (қараңыз „Күй
индикаторлары“, Бет264).
Аккумулятор түрі GBA 18V...
Жарық диодтары Қуаты
Үздіксіз жарық 3× жасыл 60−100%
Үздіксіз жарық 2× жасыл 30−60%
Үздіксіз жарық 1× жасыл 5−30%
Жыпылықтау 1× жасыл 0−5%
Аккумулятор түрі ProCORE18V...
Жарық диодтары Қуаты
Үздіксіз жарық 5× жасыл 80−100%
Үздіксіз жарық 4× жасыл 60−80%
Үздіксіз жарық 3× жасыл 40−60%
Үздіксіз жарық 2× жасыл 20−40%
Үздіксіз жарық 1× жасыл 5−20%
Жыпылықтау 1× жасыл 0−5%
Қорғаныш құрылғыны орнату
u Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғағыш қаптаманы (10)
электр құралының
патронына қорғағыш
қаптамасының кодтау
жұдырықшалары патронға
сәйкес келгенше
салыңыз. Бұғаттаудан
шығару иінтірегін (1)
басып ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы
қорғашғы қаптаманы (10)
басып, қаптамадағы
буртикті электр құралдың
фланеціне отырғызыңыз
және қорғағыш қаптаманы
шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманың (10) күйін жұмыс барысының
талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын
шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш
қаптаманы (10) қажет күйге бұрыңыз.
u Қорғағыш қаптаманы(10) 3 қызыл жұдырықша
барлығы бұғаттаудан шығару иінтірегінде (1)
қорғағыш қаптаманың (10)тиісті ойықтарына
кіретін етіп орнатыңыз.
u Қорғағыш қаптаманы (10)оператордың жағына
қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай
орнатыңыз.
u Қорғағыш қаптама(10) бұғаттаудан шығару
иінтірегін (1)пайдаланғанда ғана бұрылуы керек!
1 609 92A 4ZT | (13.08.2019) Bosch Power Tools

Table of Contents

Other manuals for Bosch Professional GWX 18V-15 C

Related product manuals