45KZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
• Сүзгі ұстағышын (5) батырмаларды басқан
кезде (10, 12) шешуге тыйм салынады
• Сүзгі ұстағышты (5) кофе әзірленіп болғаннан
кейін бірден шешіп алмаңыз, себебі сүзгінің (5)
ішінде шамадан тыс су және бу қысымы болуы
мүмкін, кофеқайнатқыштың суығанын күтіңіз.
• Сүзгі ұстағышын (5) шешу үшін тұтқаны (4) сол
жаққа «
» бұрыңыз және сүзгі ұстағышын (5)
шешіп алыңыз.
ТЕРМОМЕТР
Температураны бақылауды индикаторлар бойынша
(8, 9) және кірістірілген термометр (13) арқылы жү-
зеге асыруға болады. Термометр шәкілінде (13) ко-
феқайнатқыштағы судың температурасы көрсетіледі.
АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ
• Жақсы ыстық эспрессо кофесін әзірлеу үшін, біз
алдын ала кофе сүзгісін (6) және сүзгі ұстағышын
(5) қыздырып алуды ұсынамыз.
• Қақпақты (19) ашыңыз және сыйымдылықты (20)
сумен толтырыңыз, немесе сыйымдылықты (20)
шешіп алып, оны сумен толтырыңыз, сыйым-
дылықты (20) орнына қойыңыз.
• Кофе сүзгісін (6) ұстағышқа (5) орнатыңыз, ол үшін
сүзгідегі (6) шығыңқыны ұстағыштағы (5) ойыққа
сәйкестеңіз де сүзгіні (6) сағат тілімен немесе
қарсы бағытта бекітілгенге дейін бұраңыз.
• Сүзгі ұстағышын (5) кофеқайнатқышқа орнатыңыз.
Ұстағыштың шығыңқысы (5) бойлердің ойықта-
рына « » сәйкес келуі керек, содан кейін, сүзгі
ұстағышының тұтқасын (4) тірелгенге дейін оңға
қарай « » бұраңыз.
• Сәйкес тостағанды торға (2) қойыңыз.
• Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на салыңыз.
• Қосу/сөндіру (11) батырмасын «
» басу арқылы
кофеқайнатқышты іске қосыңыз, сол кезде инди-
катор (7) «
» жанады.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ СӨНДІРУ ФУНКЦИЯСЫ
Қуаттандыруды қосқаннан кейін, егер 25 минут
ішінде ешқандай әрекет болмаса, кофеқайнатқыш
автоматты түрде сөндіріледі.
ЖАҚСЫ ЭСПРЕССО КОФЕСІН ҚАЛАЙ ӘЗІР-
ЛЕУГЕ БОЛАДЫ
• «Эспрессо» кофеқайнатқыштарына арналған
ұнтақталған кофені пайдаланыңыз.
• Сүзгіште (6) ұнтақталған кофені сәл тығыздап
отырыңыз, ол үшін өлшеуіш
• қасықтың (17) теріс жағын пайдаланыңыз.
• Дайындалған кофеның күштілігі кофе дәндерінің
ұнтақталу дәрежесі мен сапасына байланысты
болады. Егер кофе тым ұзақ құйылса, бұл кофе
тым ұсақ ұнтақталған екенін немесе тым қатты
тығыздалғанын білдіреді.