47KZ
КАПУЧИНО ӘЗІРЛЕУ
• Ескертпе: сүттің шайқалып төгілуіне жол бермеу
үшін әрқашан ұштаманы (17) сүттің бетінен 1 см-
ден артық тереңдікке салыңыз.
• Шығып жатқан бу құйын түзеді, ол сүт көбігінің
пайда болуына әсер етеді, сүті немесе кілегейі
бар сыйымдылықты ұштамаға (17) қатысты сүт
көбігі пайда болғанға дейін мезгілімен көтеріп
және түсіріп тұрыңыз.
• Сүт көбігін алу үдерісі — бұл өнер. Бірінші реттен
көбік шықпауы да мүмкін, қам жемеңіз және жақсы
нәтижеге қол жеткізгенге дейін тәжірибе жасаңыз.
• Сүт көбігін бұлғаған кезде, ұштаманы (17) шешіңіз
және сүт көбігін түтікше-капучинатордан (16)
шығатын бумен тікелей бұлғауға болады.
• Тұтқаны (15) « » сағат тілі бағытымен тірел-
генше « •» бұрап, бу шығаруды жабыңыз.
• Бу шығару батырмасын (10) « » қайта басып, бу
шығаруды өшіріңіз.
• Әзірленген эспрессо кофесіне сүт көбігін қосыңыз,
енді капучино кофесі дайын. Қантты талғамға
қарай қосыңыз, сүт көбігін какао ұнтағымен безен-
діруге болады.
• Қосу/сөндіру батырмасын (11) «
» басу арқылы
кофеқайнатқышты өшіріңіз, индикатор (7) «
»
өшеді.
• МАҢЫЗДЫ:
- Көбікті жасау үшін пайдаланылатын сүт балғын
және консервантсыз болуы маңызды.
- Кәдімгі қаймағы айырылмаған, майлылығы
4-тен 6%-ға дейінгі сүтті қолданыңыз, кілегей
майлылығы 10%-дан кем болмауға тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Шыққан ыстық буға күйіп қалудан сақ болыңыз.
• «ЭСПРЕССО ӘЗІРЛЕУ» тарауында сипатталған-
дай, көлемі сүт көбігін қосуға жеткілікті болатын
тостағанда, кофе қайнатыңыз.
• Бу реттегішінің тұтқасы (15) « » «бу шығару
сөніп тұр «•» деген күйде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Бу шығару батырмасын (10) « » басыңыз,
индикатор (9) « » жанғанын күтіңіз. Ұштама (17)
астына су жинауға арналған кез келген қолайлы
сыйымдылықты қойыңыз. Түтік-капучинаторда
(16) қалған конденсатты жою үшін бу шығару
тұтқасын (15) « » сағат тіліне қарсы айналым
ширегіне абайлап бұраңыз.
• Конденсатты шығарғаннан кейін тұтқаны (15) «
» сағат тілі бағытымен тірелгенше «•» бұрап,
бу шығаруды жабыңыз.
• Ескертпе: сүзгі ұстағышынан (5) будың немесе
судың аз мөлшері шығуы ықтимал, ол қалыпты
құбылыс.
• Түтік-капучинатор ұштамасын (17) суық сүт неме-
се кілегей құйылған стақанға салыңыз, бу шығару
реттегішінің тұтқасын (15) « » абайлап сағат
тіліне қарсы ширек немесе одан көп айналымға
бұраңыз. Ұштама (17) стақан түбіне тимеу керек,
өйтпесе будың шығуы қиындай түседі, қалың көбік
алу үшін бірнеше секунд жеткілікті.