54
лылықты сақтай отырып, тұтқаны (8) « »
будың максималды шығу күйіне бұраңыз,
шамамен 1 минуттай бу шығарыңыз, тұтқаны (8)
« » сағат тілі бағытымен тірелгенше бұрап
«●», буды жабыңыз, батырманы (16) «
» басу
арқылы бу шығаруды өшіріңіз.
13. Қосу/сөндіру (14) « » батырмасын басу
арқылы кофеқайнатқышты өшіріңіз. 10-15 минут
күтіңіз.
14. 10 және 11 тармақтарын кемінде 3 рет орын-
даңыз.
15. 12 тармақта көрсетілген бу шығару арналарын
тазартуды қайталаңыз.
16. Арасына аз уақыт салып, бойлерді тазалау
үдерісін сыйымдылықтағы (13) лимон қышқылы-
ның ерітіндісі толық біткенше қайталаңыз (10
тармақ).
17. Қосу/сөндіру (14) « » батырмасын басу
арқылы кофеқайнатқышты қосыңыз.
18. Сыйымдылықты (13) таза сумен ең жоғары
деңгейге дейін толтырып, 10, 12-тармақтарды
кемінде 3 рет, 10-15 минуттық үзіліс жасамай
қайта орындаңыз.
19. Қосу/сөндіру (14) « » батырмасын басу
арқылы кофеқайнатқышты қосыңыз.
Ескертпе: қақты кетіру үшін кофеқайнатқыштар мен
кофе-машиналардағы қақты кетіруге арналған ар-
найы құралдарды, оларды пайдалану нұсқаулығын
қатаң сақтай отырып, қолдануға болады.
КОФЕҚАЙНАТҚЫШТЫ ТАЗАЛАУ
• Егер сүзгі (5) саңылауларында ұнтақталған
кофе тұнбасы болса, сүзгіні (5) шағын щеткамен
тазалаңыз.
• Кофеқайнатқыш корпусын жұмсақ, сәл дымқыл
матамен сүртіңіз, содан кейін кофеқайнатқыш
корпусын құрғатып сүртіңіз. Кофеқайнатқышты
тазарту үшін қажайтын жуғыш заттарды және
еріткіштерді пайдалануға тыйым салынады.
• Кофеқайнатқыш корпусын, қуаттандыру бауын
және қуаттандыру бауының ашасын суға немесе
кез-келген басқа сұйықтықтарға салуға тыйым
салынады.
• Кофеқайнатқыштың шешілмелі бөлшектерін
бейтарап жуу құралы бар жылы сумен жуыңыз,
шайыңыз және оларды кептіріңіз.
ТАМШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТАБАНДЫҚ (1)
• Табандық (1) толған кезінде қызыл түсті индикатор
(3) қалқып шығады, ол табандық торында (2)
орналасқан.
• Табандықтан (1) торды (2) шешіп алыңыз, табан-
дықты (1) шешіп алыңыз және оның ішіндегі суды
төгіп тастаңыз, табандықты орнына қойыңыз,
торды (2) табандыққа (1) орнатыңыз.
• Қажет болған жағдайда табандықты (1) және
торды (2) жұмсақ жуғыш зат қосылған сумен жуып,
шайып және кептіруге болады.