KAZ
204
Қауіпті діріл
Техникалық сипаттамаларда атап өтілген
діріл көрсеткіші əдеттегі қолдану жағдай-
ларын көрсетеді. Пайдалану кезіндегі
нақты діріл бұл көрсеткіштен мынадай
себептер бойынша ауытқуы мүмкін:
• мақсатынан тыс пайдалану;
• сəйкес келмейтін салмалы аспаптар;
• сəйкес келмейтін материал;
• жеткіліксіз техникалық күтім.
Егер сіз келесі нұсқауларды сақтасаңыз,
қауіпті айтарлықтай төмендете аласыз:
– Техникалық күтімді пайдалану бой-
ынша нұсқаулықта келтірілген кеңе-
стерге сəйкес жүргізіңіз.
– Төмен температурада жұмыс жасама-
уға тырысыңыз.
– Суық ауа райында дене мен əсіресе
қолдардың жылы болуын қадағалаңыз.
– Тұрақты түрде үзілістер жасап жəне қан
айналымын жақсарту үшін қолдарыңы-
зды қозғалтып тұрыңыз.
Жеке қорғаныс құралдары/тиісті киім
Аралау кезінде міндетті түрде қорғаныс
құралдарын кию қажет:
Киім таңдау арқылы қандай да бір жер-
лерге ілініп қалу мүмкіндігіне жол бермеңіз:
• Тек тығыз жапсарласып тұратын киім
киіңіз!
• Зергерлік бұйымдар тағуға болмайды!
• Ұзын шаш болған жағдайда шашқа
арналған тор кию керек!
Қалдық тəуекелдер
Тіпті тиісті пайдалану кезінде де толық
жоюға мүмкін емес, белгілі бір қалдық тəу-
екелдер болады.
• Қорғалмаған аралау шынжырымен
жанасу (кесіктер)
• Аралау шынжырынан бөліктердің
лақтырылуы
• Кесіп жатқан материал бөліктерінің
лақтырылуы
• Есту қабілетінің бұзылуы
• Кесіліп жатқан материал бөлшек-
терімен дем алу
• Бензинмен/маймен жанасу
Сондықтан аралау шынжырын əрқашан
машинада бейнеленген суретке жəне
қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, осы
пайдалану бойынша нұсқаулықта сипат-
талған қосымша жеке қорғаныс құралда-
рымен бірге пайдалану қажет.
Аппаратыңызға шолу
► 3-бет., 1-тармақ
1. Тұтқа
2. Аралау шынжыры
3. Аралау шинасы
4. Шынжыр тартуға арналған болт
5. Жылдам іске қосылатын қысқыш (ара-
лау шинасына арналған)
6. Шынжыр жұлдызшасының сақтанды-
рғышы
Құрылғыны əрдайым екі қолыңы-
збен мықтап ұстау керек.
Əрдайым жеткілікті қауіпсіз
арақашықтықты сақтаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Діріл салда-
рынан жарақат алу қаупі бар!
Діріл, əсіресе қан айналымы
бұзылған адамдарда қан тамыр
ауруларын немесе жүйке жүйесінің
өзгеріске ұшырауын тудыруы мүм-
кін.
Мынадай белгілер пайда болған
кезде жұмысты дереу тоқтатып,
дəрігерге жүгіну керек: дене мүше-
лерінің ұюы, сезімталдық жоғалту,
қышыну, шаншу, ауырсыну, тері
реңденуінің өзгеруі.
Көз қорғанысы: шеңбері бойынша
жанасып тұратын қорғаныш көзіл-
дірік/каскадағы қорғаныш экран
Есту мүшелерін қорғау: құлақ
тығындары – антифондар
Бас қорғанысы: бет қорғайтын
қорғаныш каска
Аяқ қорғанысы: сырғымайтын та-
баны бар, болат ұшты жəне
аяқтарды қорғайтын арнайы аяқ
киім
Қол қорғанысы: былғары жұмыс
қолғабы
Киім: арнайы жартылай комбине-
зон (кесулерге тұрақты)
Арнайы күртеше (кесулерге
төзімді)
Нұсқау: Аспабыңыздың іс-жүзіндегі
көрінісі суреттегіден ерекшеленуі
мүмкін.