KAZ
211
Сақтау, тасымалдау
Сақтау
• Аппаратты сақтауға қоймас бұрын
толығымен суытыңыз.
• Аппаратты мүмкіндігінше көлденең
қалпында сақтаңыз.
Ұзақ мерзімге істен шығару
Ұзақ мерзімді сақтау кезінде, аппараттан
міндетті түрде шынжыр майлауға арналған
майды ағызыңыз.
Аппаратты құрғақ жерде сақтау керек.
Тасымалдау
Аппаратты автокөлікте тасымалдау:
– Кесуші механизмге қорғаныс қабын
кигізіңіз.
– Аппаратты ауытқудан қорғап қойыңыз.
– Аппаратты жөнелту үшін мүмкіндігінше
өзінің бастапқы орамын қолданыңыз.
Ақаулар жəне көмек
Ақаулықтар орын алған жағдайда...
Тіпті шағын қателердің өзі ақауларға жиі
əкеледі. Əдетте, көптеген ақауларды пай-
даланушы өз бетімен жоя алады.
Сатушыға хабарласудан бұрын, төменде
келтірілген кестемен танысыңыз. Бұл
артық жұмысты жəне ықтимал шығын-
дарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Егер қатені өз күшіңізбен жою мүмкін бол-
маса, тікелей сатушыға хабарласыңыз.
Назар аударыңыз! Тиісті жолмен орындал-
маған жөндеу кепілдіктің жойылуына əке-
леді жəне қосымша шығындар тудыруы
мүмкін.
Кəдеге жарату
Құрылғыны кəдеге жарату
Айқас сызығы бар қоқыс себетінің
белгісі төмендегіні білдіреді: Бата-
реялар мен аккумуляторларды,
электрлік жəне электрондық
құрылғыларды тұрмыстық қоқыспен
бірге тастауға болмайды. Олардың құра-
мында қоршаған орта мен денсаулық үшін
зиянды заттар болуы мүмкін.
Тұтынушы тиісті қайта өңдеуді қамтамасыз
ету үшін ескі электрлік құрылғыларды,
құрылғы батареяларын жəне аккумулятор-
ларды тұрмыстық қоқыстан бөлек, ресми
қоқыс жинау орнына кəдеге жарату үшін
жауапты. Қайтару туралы ақпаратты
сатушыдан алуға болады. Қайтару үшін
ақы алынбайды.
Ескі электрлік құрылғыларға берік
орнатылмаған батареялар мен
аккумуляторларды кəдеге жаратпас
бұрын құрылғыдан шығару жəне
бөлек кəдеге жарату керек. Барлық жүйе-
лердің литий батареялары мен аккумуля-
торларын кері қабылдау орындарына тек
заряды таусылған күйде апарыңыз. Бата-
реяларды əрдайым полюстерін жапсыру
арқылы қысқа тұйықталудан қорғаңыз.
Əр ақырғы пайдаланушы кəдеге жараты-
латын ескі құрылғылардағы жеке дерек-
терді жою үшін өзі жауапты болады.
Орамды кəдеге жарату
Орам қайта өңдеуге жіберілуі мүм-
кін картоннан жəне сəйкес бел-
гіленген пластиктен тұрады.
– Бұл материалдардың қайта
өңдеуге жіберілуін қадағалаңыз.
Нұсқау: Аралау шынжырын қайрау
үшін арнайы құрал қажет, ол шын-
жыр жүздерінің дұрыс бұрышпен
жəне дұрыс тереңдікке дейін қайра-
луын қамтамасыз етеді. Аралау
шынжырын қайрауды маманға
тапсыруға кеңес беріледі.
ҚАУIП! Жарақаттану қаупі! Бөгде
адамдардың құрылғыға қол-
жетімділігін шектеңіз!
ҚАУIП! Жарақаттану қаупі! Аппа-
ратта тиісінше өткізілмеген жөндеу
аппараттың бұдан былай қауіпсіз
жұмыс істемеуіне алып келуі мүм-
кін. Осындай жөндеулер салда-
рынан, сіз өзіңізге жəне қоршаған
ортаға қауіп төндіресіз.
Қате/ақаулық Себебі Жою бойынша шаралар
Электр қозғалтқыш жұ-
мыс істемейді.
Желіде кернеу жоқ па? Кабель, штекерлі жалғағыш,
штепсельді розетка мен
сақтандырғышты тексеріңіз.
Байланыстырғыш кабель ақаулы
ма?
Сатушыға хабарласыңыз.
Аспап сынған ба?