KAZ
208
Міндетті түрде оң жақта көрсетілген ара-
лау шынжыры аймағының ағашпен немесе
басқа қатты заттармен жанасуынан сақта-
ныңыз.
Кері соққы жағдайында жарақаттану қаупін
азайту үшін, аппарат соққымен автоматты
түрде қосылатын жəне аралау шынжырын
бірден тоқтататын аралау шынжырының
тежегішімен жабдықталған.
Қауіпсіздік тұрғысынан аппаратты əр пай-
далану алдында аралау шынжыры теже-
гішінің жұмысын тексеру қажет (► Аралау
шынжырының тежегішін бақылау – 206-
бет.).
Əлсіз кері соққылар жағдайында аралау
шынжырының тежегіші автоматты түрде
іске қосылмауы мүмкін. Сондықтан аппа-
ратты екі қолмен берік ұстау маңызды.
Тек абайлап жəне дұрыс орындалған
жұмыс кері соққы тəуекелін азайта алады!
Түбегейлі жұмыс технологиясы
Əрбір қолдану алдында
1. Аралау шынжыры тежегішінің дұрыс
жұмысын тексеріңіз.
2. Артқы қол қорғанысында зақымдардың
бар-жоғын тексеріңіз.
3. Іске қосу бұғаттауышы жəне іске қосу
түймесі мінсіз жұмыс істеп тұрғанын
тексеріңіз.
4. Барлық тұтқалардың майдан бос екен-
дігін тексеріңіз.
5. Аппараттың барлық бөлшектері өз
орнында екенін, берік орнатылғанын
жəне зақымдалмағанын тексеріңіз.
6. Шынжыр ұстауыш құрылғыда
зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз.
7. Шынжырдың керілуін тексеріңіз.
Аралау техникасы
Созылмалы қозғалыспен аралау
Осы əдіс қолданылған кезде аралау жоға-
рыдан төменге қарай аралау шинасының
астыңғы жағымен жүзеге асырылады. Ара-
лау шынжыры аппаратты оператордан
алға қарай жылжытады. Бұл ретте аппа-
раттың алдыңғы жиегі аралау кезінде ағаш
діңінде пайда болатын күшті қабылдайтын
тірек ретінде əрекет етеді.
Созылмалы қозғалыспен аралау кезінде,
оператор аппаратты айтарлықтай жақсы
бақылай алады жəне кері соққыларға
көбірек жол бермейді. Сондықтан осы ара-
лау əдісін бірінші қатарда пайдалануға
кеңес беріледі.
Итермелеуші қозғалыспен аралау
Осы əдіс қолданылған кезде аралау
астынан жоғары қарай аралау шинасының
жоғарғы жағымен жүзеге асырылады. Ара-
лау шынжыры аппаратты операторға
артқа қарай жылжытады. Бұл ретте аралау
шинасы қисайып кетсе, аппарат опера-
торға қарай үлкен күшпен кері лақтырылуы
мүмкін.
ҚАУIП! Жарақаттану қаупі! Аппа-
ратпен жұмыс істеген кезде қауіпті
кері соққылар орын алуы мүмкін!
Мұның нəтижесінде тіпті өлімге
апаратын ауыр жарақат алуыңыз
мүмкін! Аппаратпен жұмысты
бастау алдында аралау шынжыры
тежегішінің мінсіз жұмыс істеп
тұрғанын тексеру керек.
ҚАУIП! Жарақаттану қаупі! Осы
тарауда аппаратпен түбейгелі
жұмыс істеу технологиясы келтіріл-
ген. Келтірілген ақпарат көп жыл-
дық біліктілік пен маман тəжіри-
бесін алмастыра алмайды.
Орындау үшін біліктілігіңіз жет-
кіліксіз жұмыстарды атқармаңыз!
Аппаратты абайсыз пайдалану
нəтижесінде тіпті өлімге апаратын
ауыр жарақат алуыңыз мүмкін!