EasyManuals Logo

Grundfos CU 200 SQFlex User Manual

Grundfos CU 200 SQFlex
67 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #55 background imageLoading...
Page #55 background image
Қазақша (KZ) Сақтық шаралары
Ағылшын түпнұсқалық данасының аудармасы
Бұл қауіпсіздік ережелері осы өніммен жасалған
кез келген жұмысқа байланысты қабылданатын
сақтық шараларының қысқа шолуы болып
табылады.
Осы өнімді өңдеу, орнату, пайдалану, техникалық
қызмет көрсету, қызмет жəне жөндеу кезінде
аталған осы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
Осы техникалық қауіпсіздік ережелерін келешекте
пайдалану үшін орнату аймағында сақтаңыз.
Өнімді орнату алдында осы құжатты
жəне қысқаша нұсқаулықты оқып
шығыңыз. Орнату мен пайдалану
əрекеті жергілікті ережелер мен жұмыс
жүргізу тəжірибесінің қабылданған
кодекстеріне сəйкес орындалуы қажет.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне
одан асқан балалар, физикалық не
ақыл-ой қабілеті шектеулі адамдар
немесе құрылғыны пайдалану
тəжірибесі мен білімі жоқ адамдар
қауіпсіздік техникасы жөніндегі
нұсқаулармен жəне қолдану барысында
мүмкін болатын зиян-зардабымен
танысқан жағдайда ғана пайдалана
алады.
Балалардың құрылғымен ойнауына
тыйым салынады. Балалар құрылғыны
тазалауды жəне пайдаланушылық
техникалық қызмет көрсетуді ересек
адамның қадағалауынсыз орындамауы
қажет.
Орнату
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты.
Өніммен жұмыс жасауды бастамас
бұрын, электрлік қуат көзінің
өшірілгеніне жəне оның байқаусызда
қосылуына жол бермейтін барлық
шаралардың жасалғанына көз
жеткізіңіз.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
Токтың жұмыс кернеуі фирмалық
тақтайшада көрсетілген номиналды
деректерге сəйкес екендігін
тексеріңіз.
Ұсынылған сақтандырғыштың
өлшемін пайдаланыңыз.
Пайдаланушы немесе орнатушы
жергілікті ережелерге сəйкес дұрыс
тұйықтау мен қорғаныс орнатуға
жауапты болады.
J5 клеммасын (+24 VDC) жалпы
жүктеу 10 мA аспауы кекрек.
Өнім ішіндегі тығызданған суды
шығару үшін өнімді тегіс бетке
көлденеңінен орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
2000 м жоғары биіктікте SELV
талаптарына сай келмейді.
Зақымдалған өнімді орнатпаңыз.
Pg кабель кірістері үшін CU 200
арнайы тығыздағыштарымен бірге
жеткізіледі. Арнайы тығыздағыштар
тегіс кабельдер мен бір талшықты
кабельдерге қолайлы.
Өнімнің ақаулықтарын табу
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
Өніммен жұмыс жасауды бастамас
бұрын, электрлік қуат көзінің
өшірілгеніне жəне оның байқаусызда
қосылып кетпейтініне көз жеткізіңіз.
Ақаулықты табу жəне қызмет көрсету
білікті мамандармен орындалуы
тиіс.
Өнімді қоқысқа тастау
Бұл бұйым, сондай-ақ, тораптар мен бөлшектер
экология талаптарына сəйкес жойылуы тиіс.
1. Қоғамдық немесе жеке қоқыс жинау қызметін
пайдаланыңыз.
2. Егер бұл мүмкін болмаса, ең жақын Grundfos
компаниясына немесе сервистік орталығына
хабарласыңыз.
55
Қазақша (KZ)

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Grundfos CU 200 SQFlex and is the answer not in the manual?

Grundfos CU 200 SQFlex Specifications

General IconGeneral
BrandGrundfos
ModelCU 200 SQFlex
CategoryWater Pump
LanguageEnglish

Related product manuals