EasyManuals Logo

Hilti SF 10W-A22 User Manual

Hilti SF 10W-A22
220 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #143 background imageLoading...
Page #143 background image
*2130487*
2130487 Қазақ 139
Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Үсті жабылған желдету саңылауларынан өрт қаупі
туындайды!
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
Өнімді қолдану барысында қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш касканы, қорғауыш құлаққапты және
арнайы респираторды киіп жүріңіз.
Қорғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Материалдың сынықтары денені және көзді жарақаттауы
мүмкін.
Өнімнің жарығына (жарық диоды) тікелей қарамаңыз және жарықты басқа адамдардың көзіне
тікелей бағыттамаңыз. Соқырлық қаупі бар.
Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт жұмыс
істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
теріс әсер тиюі мүмкін.
Өнімді алып тастау алдында ол толығымен тоқтағанша күтіңіз.
Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию кесіктерге және
күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
2.4 Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
Литий-иондық аккумуляторларды пайдалану және күту бойынша төмендегі қауіпсіздік
шараларын орындаңыз. Нұсқауларды орындамау тері тітіркенуіне, ауыр тот басқыш
жарақаттарға, химиялық күйіктерге, өртенуге және/немесе жарылысқа апарып соғуы мүмкін.
Аккумуляторларды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
Зақымдалуды болдырмау және денсаулыққа қатты зиян келтіре алатын сұйықтықтардың шығуына
жол бермеу үшін аккумуляторларды абайлап қолданыңыз!
Аккумуляторларды ешбір жағдайда модификациялауға немесе құрылымына өзгеріс енгізуге
болмайды!
Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) жоғары температураға дейін қыздыруға және
жағуға тыйым салынады.
Соққы тиген немесе басқаша зақымдалған аккумуляторларды пайдаланбаңыз немесе
зарядтамаңыз. Аккумуляторларда зақымдалу белгілерінің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп
тұрыңыз.
Еш жағдайда қайта өңделген немесе жөнделген аккумуляторларды пайдаланбаңыз.
Ешқашан аккумуляторды немесе аккумуляторлық электр құралын соқпа құрал ретінде
пайдаланбаңыз.
Аккумуляторларға ешқашан тікелей күн сәулесі, жоғары температура, ұшқын немесе ашық жалын
әсерін тигізбеңіз. Бұл жарылысқа апарып соғуы мүмкін.
Батарея полюсіне саусақпен, құралдармен, әшекеймен немесе басқа да электр тогын өткізетін
бөгде заттармен тимеңіз. Бұл аккумуляторға зақым келтіруі, сондай-ақ мүлікке залал келтіруі және
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Аккумуляторларды жаңбыр, ылғал мен сұйықтықтарда алшақ ұстаңыз. Еніп кеткен ылғал қысқа
тұйықталу, ток соғу, күйіп қалу, өртену және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
Тек осы аккумулятор түрі үшін көзделген зарядтағыш құрылғылар мен электр құралдарын пайда-
ланыңыз. Бұл ретте тиісті пайдалану бойынша нұсқаулықтардағы мәліметтерге назар аударыңыз.
Аккумуляторды жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды тұтанғыш
материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, тұтанбайтын жерге қойыңыз.
Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін әлі де қолға ыстық болып тұрса, бұл оның
ақаулы екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз немесе «Қауіпсіздік және
Hilti Li-Ion аккумуляторын пайдалану бойынша нұсқаулар» атты құжатты оқып шығыңыз.
Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау, сақтау және пайдалану үшін қолданылатын
арнайы директиваларды ескеріңіз. Бет 145
Аталмыш пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы QR кодын сканерлеу арқылы табуға
болатын Hilti Li-Ion аккумуляторларына арналған қауіпсіздік және пайдалану бойынша нұс-
қауларды оқып шығыңыз.

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Hilti SF 10W-A22 and is the answer not in the manual?

Hilti SF 10W-A22 Specifications

General IconGeneral
BrandHilti
ModelSF 10W-A22
CategoryDrill
LanguageEnglish

Related product manuals