146 Қазақ 2130487
*2130487*
Ақаулық Ықтимал себеп Шешім
Өнім жұмыс істемей тұр
және бір жарық диоды
жыпылықтап тұр.
Аккумулятор қызып немесе суып
кетті.
▶ Аккумуляторды ұсынылған
жұмыс температурасына
дейін жеткізіңіз.
Қосқыш/ажыратқыш
басылмайды немесе
бұғатталған.
Оңға/солға айналу ауыстырып-
қосқышы ортаңғы күйде.
▶ Оңға/солға айналу
ауыстырып-қосқышын солға
не оңға басыңыз.
Аккумулятор заряды
әдеттегіден тезірек бітеді.
Қоршаған орта температурасы
тым төмен.
▶ Аккумуляторды ұзақ уақытта
бөлме температурасында
жылытыңыз.
Аккумулятор бекітілгенде
оған тән "қос шырт еткен
дыбыс" естілмейді.
Аккумулятордағы құлып
шоқылары кірленген.
▶ Тіреуіш шығыңқы жерлерін та-
залаңыз және аккумуляторды
салыңыз. Мәселе шешілмесе,
Hilti сервис орталығына
хабарласыңыз.
Өнімде немесе
аккумуляторда қатты жылу
пайда болды.
Өнімге шамадан тыс жүктеме
түскен (пайдалану шегі
асырылған).
▶ Барлық жұмыстар алдында
өнімнің қуат талаптарын
тексеріңіз. Техникалық
деректерді қараңыз.
10 Кәдеге жарату
ЕСКЕРТУ
Қате жолмен кәдеге жаратудан жарақат алу қаупі бар! Газдардың немесе сұйықтықтардың
шығуынан денсаулыққа зиян келтіру қаупі бар.
▶ Зақымдалған аккумуляторларды жіберуге немесе жөнелтуге болмайды!
▶ Қысқа тұйықталуға жол бермеу үшін, қосылымдарды ток өткізбейтін материалмен жауып қойыңыз.
▶ Аккумуляторларды балалардың қолына жетпейтіндей етіп кәдеге жаратыңыз.
▶ Аккумуляторды Hilti Store дүкенінде кәдеге жаратыңыз немесе жергілікті кәдеге жарату
кәсіпорнына хабарласыңыз.
Hilti өнімдері қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санынан тұрады. Кәдеге жарату
алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспаптарды
кәдеге жарату үшін қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилерден сұраңыз.
▶ Электр құралдарды, электрондық құрылғылар мен аккумуляторларды тұрмыстық қоқыспен
бірге тастамаңыз!
11 Өндіруші кепілдігі
▶ Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне жолығыңыз.
12 Қосымша ақпарат
Басқару, техника, қоршаған орта және қайта өңдеу туралы қосымша ақпаратты мына сілтеме бойынша
қараңыз: qr.hilti.com/manual/?id=2130485&id=2130487
Бұл сілтеме пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңында QR коды ретінде қолжетімді.