EasyManua.ls Logo

Hilti SID 4-A22 - 5.3 Аккумуляторды шығару; 5.4 Белдікке ілуге арналған ілгекті орнату (қосымша); 5.5 Алмалы-салмалы құралды орнату; 6 Жұмыс істеу

Hilti SID 4-A22
260 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
166 Қазақ 2145526
*2145526*
2. Аккумуляторды аспап ұстағышына шерту дыбысы шыққанша мұқият
салыңыз.
3. Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.3 Аккумуляторды шығару
1. Аккумулятордың босату түймелерін басыңыз.
2. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз.
5.4 Белдікке ілуге арналған ілгекті орнату (қосымша) 2
Белдікке ілуге арналған ілгектің көмегімен арнайы электр құралды
белдікке бекітуге болады. Оны оң және сол жақтан ұстау үшін орнатуға
болады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі электр құралдың құлауынан!
Жұмысты бастау алдында белдік ілгегі берік бекітілгенін тексеріңіз.
1. Белдікке ілуге арналған ілгекті орнатыңыз.
2. Электр құралыңызды белдікке ілуге арналған ілгекке бекітіңіз.
3. Белдікке ілуге арналған ілгек пен электр құралдың берік ұсталғанын
қадағалаңыз.
5.5 Алмалы-салмалы құралды орнату 3
1. Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы позицияға
орнатыңыз немесе аккумуляторды құрылғыдан ажыратыңыз.
2. Алмалы-салмалы аспаптың енгізу шеті таза екендігіне көз жеткізіңіз.
Қажет болса, оны тазалаңыз.
3. Алмалы-салмалы аспапты аспап қысқысына тірелгенше салыңыз.
4. Алмалы-салмалы аспаптың берік бекітілгенін тексеріңіз.
6 Жұмыс істеу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдалу қаупі. қате қолдану себебінен!
Сөндіргішті жұмыс барысында айналу бағытын және/немесе
функцияны таңдау үшін пайдаланбаңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын
орындаңыз.
6.1 Айналу моментін орнату 5
Айналу моментінің қалаулы қадамы айналу моментінің индикаторында
көрсетілгенше айналу моментінің ауыстырып-қосқышын баса беріңіз.

Table of Contents

Other manuals for Hilti SID 4-A22

Related product manuals