196 Қазақ 214010
*214010*
Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты
белгілердің нөмірлеріне сілтейді
Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.
1.3 Өнімге қатысты белгілер
1.3.1 Өнімдегі белгілер
Төмендегі белгілер өнімде қолданылады:
Жүрістер жиілігі
Тұрақты ток
Өнім iOS және Android платформаларымен үйлесімді сымсыз дерек тасымалдау
мүмкіндігіне қолдау көрсетеді.
Литий-иондық аккумулятор
Пайдаланылған Hilti литий-ион аккумуляторларының сериясы. Қолдану мақсаты бөліміндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Аккумуляторды еш жағдайда соқпа құрал ретінде пайдаланбаңыз.
Аккумуляторды құлатып жібермеңіз. Соққы тиген немесе басқа жолмен зақымдалған
аккумуляторды пайдаланбаңыз.
1.4 Өнім туралы ақпарат
Hilti өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және тек өкілетті, білікті қызметкерлермен
пайдаланылуы, күтілуі және техникалық қызмет көрсетілуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану
немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
▶ Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Қылыштық ара WSR 36A
Буын: 01
Сериялық нөмір:
1.5 Сәйкестілік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес
келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз. Сәйкестілік декларациясының суреті осы
құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2 Қауіпсіздік
2.1 Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Барлық қауіпсіздік нұсқауларын және жалпы нұсқауларды оқып шығыңыз. Төменде
берілген нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр
жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы
үшін сақтаңыз.
Бұдан әрі қолданылатын «электр құрал» термині электр желісінен (желілік кабельмен) және
аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралға қатысты.