EasyManuals Logo

Hilti WSR 36-A User Manual

Hilti WSR 36-A
Go to English
256 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #205 background imageLoading...
Page #205 background image
*214010*
214010 Қазақ 199
Құралды ешқашан қолдарға арналған қорғағыш құрылғы орнатпастан пайдаланбаңыз.
Аспапты сақтау немесе тасымалдау алдында әрқашан бұғаттау түймесін белсендіріңіз.
Байқаусіз іске қосылуды болдырмаңыз. Аспапты негізгі сөндіргішке саусақ қойып
тасымалдамаңыз. Жұмыс үзілістерінде, техникалық қызмет көрсету алдында, құралдарды
ауыстырғанда және тасымалдау кезінде аккумуляторды аспаптан шығарыңыз.
Жұмыс қауіпсіздігі бойынша ұлттық нұсқамаларды орындаңыз.
Құрамында қорғасын бар бояулар, ағаштың кейбір түрлері, бетон/кірпіш қалауы/кварц
қамтитын жыныстар және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң
денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек. Мүмкін
болса, жарамды шаңсорғыш құралды қолданыңыз. Шаңсорғыштаудың жоғары деңгейіне
жету үшін, тиісті жылжымалы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Қажет болса, сәйкес шаң түріне
арналған респиратор маскасын тағыңыз. Жұмыс аймағының жақсы желдетілуін қамтамасыз
етіңіз. Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын нұсқауларды орындаңыз.
Электр қауіпсіздігі
Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен. Электр сымдарына
кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналуы
мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу қаупі пайда болады.
Электр аспабымен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
Жұмыс кезінде аспапты өзіңізден ары бағыттаңыз.
Ешқашан қолдарды ара төсемінің алдында немесе үстінде ұстамаңыз.
Кесу кезінде төсемді тексерілмеген жасырын қуыстарға салмаңыз. Ара төсемі қандай да затқа
тигенде қатты кері соғу пайда болуы мүмкін.
Құбырларды, әсіресе диаметрі үлкендерін, кесу адаптерін қолданғанда (сайман), азғантай
басумен және тиісті беру жылдамдығымен жұмыс істеңіз. Бұл аспаптың қызып кетуін болдырмау
үшін қажет.
Ескерту! Құбырларды кескенде, мысалы, бөлшектеу және құрастыру жұмыстарын
орындағанда, оларда сұйықтық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Қажет болса, құбырлардан
сұйықтықты кетіру шараларын қолданыңыз. Құбырларды кескенде аспапты аралау
сызығынан жоғарырақ ұстаңыз. Аспапты ылғал кіруден қорғау қарастырылмаған. Ағып шығатын
сұйықтық аспапта қысқа тұйықталуға апарып соғуы мүмкін.
Жұмыс аймағынан тыс және жарамсыз құралдармен араламаңыз (ара төсемдері көрсетілген
өлшемде және 1/2" енгізілетін ұштары болуы керек).
Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану
LiIon аккумуляторын тасымалдау, сақтау және пайдалану бойынша арнайы нұсқаулардың
талаптарын орындаңыз.
Аккумуляторларды жоғары температуралар мен өрттен ары ұстаңыз. Жарылыс қаупі бар.
Ылғалдың тиюін болдырмаңыз. Ішке енген ылғалдылық қысқа тұйықталуға әкелуі және
нәтижесінде жарылыс не өртке апарып соғуы мүмкін.
Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) жоғары температураға дейін қыздыруға
және жағуға тыйым салынады. Әйтпесе өрт, жарылыс немесе күйік қаупі бар.
Зақымдалған аккумуляторларды (мысалы, сызаттары бар, бөліктері сынған, контактілері
бүгілген және/немесе созылған аккумуляторларды) зарядтауға және қайта қолдануға тыйым
салынады.
Аккумуляторды осы нұсқаулықта көрсетілмеген басқа аспаптармен бірге қолданбаңыз.
Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аспапты тұтану қаупі
жоқ орынға, тұтанғыш материалдардан алыс, оны бақылауға болатындай қойыңыз және оны
сууға қалдырыңыз. Аккумулятор суығаннан кейін Hilti қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Hilti WSR 36-A and is the answer not in the manual?

Hilti WSR 36-A Specifications

General IconGeneral
BrandHilti
ModelWSR 36-A
CategorySaw
LanguageEnglish

Related product manuals