*214010*
214010 Қазақ 201
Құралдың бөлшектерi Сипаттамасы
1 жарық диоды жыпылықтайды, аспап жұмысқа
дайын емес.
Аккумулятор қызып кетті немесе заряды
толығымен бітті.
4 жарық диоды жыпылықтайды, аспап жұмысқа
дайын емес.
Аспап қызып кетті немесе оған шамадан тыс
жүктеме түсті.
Негізгі сөндіргіш басылып тұрғанда және негізгі сөндіргішті жібергеннен 5 секундтан кейін
зарядтау күйіне сұрау салу мүмкін болмайды. Аккумулятор индикаторының жарық диодтары
жыпылықтаған жағдайда «Ақаулықтардағы көмек» бөліміндегі нұсқауларға назар аударыңыз.
3.5 Жеткізілім жинағы.
Қылышты ара, ара төсемі, пайдалану бойынша нұсқаулық.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын
материалдарын қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары
мен өнімге арналған керек-жарақтар Hilti орталығында немесе келесі сайтта қолжетімді:
www.hilti.group
3.6 Жүрістер санының орнатымдары
Өңделетін материал Жүрістер санын орнату
бойынша ұсыныс
Ағаш 5-6
Шегелер бар ағаш 5-6
Сылақ, гипсокартон 3-4
Пластмасса 3-4
Болат 2-3
Түсті металдар 2-3
Жеңіл металдар 2-3
Тот баспайтын болат 1
4 Техникалық сипаттамалар
4.1 Қылыштық ара
WSR 36A
Номиналды кернеу
36 В
EPTA 01 процедурасы бойынша салмағы
4,37 кг
Жүрістер жиілігі
0 А/мин … 2850 А/мин
Жүріс ұзындығы
32 мм
Стандартты құралға арналған кілтсіз құрал
бекіткіші
1/2 дюйм
4.2 EN 60745 стандарты бойынша шуыл туралы ақпарат және діріл мәні
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл деңгейі стандартты өлшеу әдісімен өлшенген
және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол
экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды. Берілген деректер электр құралының негізгі жұмысын
көрсетеді. Алайда, егер электр құралы басқа мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса
немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін.
Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін.
Экспозицияны дәл анықтау үшін аспап сөндірілген күйде немесе бос жұмыс істейтін уақыт аралықтарын
да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай
азаюы мүмкін. Пайдаланушыны пайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау үшін қосымша
сақтық шараларын қолданыңыз, мысалы: электр құралына және алмалы-салмалы аспаптарға
техникалық қызмет көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.