37
Нұсқаулық
KZ
Қауіпсіздік техникасын және аспапта көрсетілген
қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
Жұмысты бастамас бұрын аспаптың
бөлшектерімен танысыңыз, бірақ ең алдымен
жедел тоқтату амалдарымен танысыңыз.
Аталған қарапайым ережелерді сақтау сіздің
аспабыңыздың үнемі жұмысқа жарамдылығын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Пайдалану алдында аспапты дұрыс жинақтау •
қажет.
Аспапты тек мақсаты бойынша ғана •
пайдаланыңыз.
Аспаптағы ескерту белгілеріне назар •
аударыңыз, қорғаушы жабдықтарды пайдалану
бойынша нұсқаулық талаптарын сақтаңыз. Сақтық,
тәжірибелілік, ойластырылғандық, жұмысқа тиісті
қатынас және қолданушы, тасымалдаушы, оны
жөндеуге және сақтауға қатысты тұлғалардың
дайындығы келеңсіз оқиғалардың алдын алады.
Аспапты қараусыз қалдырмаңыз.•
Аспапты балалардың пайдалануына жол •
бермеңіз. Балалардың аспаппен ойнауына жол
бермеңіз.
Жұмыс алаңына жақын жерде балалардың •
және жануарлардың болуына жол бермеңіз. Бөгде
адамдар жұмыс істеп тұрған аспаптан қауіпсіз
қашықтықта болуы керек.
Аспаппен жұмыс барысында пайдаланушы •
үшінші тұлғалар үшін жауапты болып саналады.
Пайдалану бойынша нұсқаулықпен таныспаған •
тұлғалар, жасы құралды пайдалануға болатын
шекке жетпеген балалар, сондай-ақ ішімдікке
немесе есірткіге мас күйдегі тұлғалар, медициналық
дәрмек әсеріндегі адамдар аспаппен жұмыс
жасауға рұқсат ала алмайды. Оператордың жасы
жергілікті нормативтік актілермен анықталады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Алкоголь,
кейбір дәрілік препараттар және
есірткілік заттар, сондай-ақ ыстық
көтерілу және қалжырау сияқты денсаулық
күйлері реакция жылдамдығын төмендетеді.
Мұндай жағдайларда электрлік аспапты
пайдаланбаңыз!
Барлық қорғаушы жабдықтардың (егер болса) •
дұрыс орнатылғандығына және олардың жұмысқа
жарамды екендігіне көз жеткізіңіз.
Аспаптың қорғаушы қабы (егер болса) •
болмаса, не болмаса ол зақымданған болса, оны
пайдаланбаған абзал.
Аспаптың бекітілмей қалған бөлшектерін •
(мыс., сақиналар, болттар, бұрамалар және т. b.)
немесе ақауларын тексеріңіз. Машина жұмысының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін болттар мен
бұрандалардың жақсы бұралғандығын әлсін-
әлсін тексеріп отырыңыз. Қажет болса құралды
пайдалану алдында зақымданған не ақаулы
бөлшектерді жөндеңіз, болмаса алмастырыңыз.
Ақаулы аспапты пайдалану кезінде операторға
немесе маңайдағы бөгде тұлғаларға ауыр
жарақаттар келтірілуі мүмкін.
Жұмыс үшін арнайы киімді пайдаланыңыз. •
Кең киім, әшекейлер аспаптың қозғалмалы
бөліктеріне ілініп қалуы мүмкін. Сәйкес жұмыс
киімін киіңіз. Ұшатын қалдық заттардан аяғыңыз
бен табаныңызды қорғаңыз. Ұзын шашты
артыңызға жинаңыз.
Тұтқалар мен ұстайтын жерлерді таза және •
құрғақ етіп ұстаңыз.
Сәйкес келетін қорғаушы жабдықтарды •
пайдаланыңыз. Қорғаушы көзәйнектер мен
саусаққаптарды қолданыңыз. Ұнтақтармен
немесе шығарылатын газ ортасында жұмыс
жасау барысында шаңға қарсы респираторды
пайдаланыңыз. Қажет болған жағдайда табаны
тайғанамайтын аяқ киім, қорғаушы дулығалар
мен беруштарды пайдаланыңыз. Егер шу деңгейі
85 дБ(A) артық болса, міндетті түрде қорғаушы
құлаққаптарды пайдаланыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жеке бас
қорғаныс құралдарын
пайдаланыңыз! Қорғаушы
жабдықтар мен ЖҚҚ сіздің денсаулығыңыз
бен сіздің маңайыңыздағылардың
денсаулығының қорғанысын қамтамасыз
етеді, сондай-ақ аспаптың үзіліссіз жұмысына
кепілдік береді.
Құрал кері бұрылған болса немесе жұмысқа •
жарамсыз күйде болса, оны іске қоспаңыз.
Жұмыс барысында тұрақты қалыпты сақтаңыз. •
Үнемі тепе-теңдікті сақтаңыз.
Жұмыс алаңындағы тазалықты сақтаңыз. •
Қоршалған алаңдарда жарақаттану қаупі үлкен.
Аспапты пайдаланбас бұрын жұмыс алаңынан
барлық бөтен заттарды алып тастаңыз, жұмыс
барысында аспаптың астына бөгде заттардың
түсуіне жол бермеңіз.
Аспапты қызудан сақтаңыз. •
Аспапты күндізгі жарықта немесе жақсы •
жарықтандыру кезінде пайдаланыңыз. Көріну
нашар жағдайларда аспапты пайдаланбаңыз.
Аспапты құлатпаңыз, аспаптың қандай да бір •
кедергілермен қақтығысуына жол бермеңіз.
SАбай болыңыз. Жұмыс барысын
бақылап отырыңыз. Алаңдай