41
Нұсқаулық
KZ
Қосу
Бояуға арналған шағын бакты (5) 1.
сұйылтылған және сүзілген бояумен
толтырыңыз.
Бояу пультін қорек көзіне қосыңыз. 2.
Бояу пультін керек емес учаскеге 3.
бағыттаңыз және бояу шашырамағанға дейін
ажыратқышты (3) басып тұрыңыз.
Қолдану бойынша нұсқаулық
Бояудың ағысын қуаттылықты реттеу ∙
тұтқасымен (2) реттеңіз. Бұл жағдайда шашырату
түрі өзгертіледі. Бояудың ағысын әлсірету үшін
қуаттылықты реттеу тұтқасын сағат тілінің бағыты
бойымен, күшейту үшін – сағат тілі бағытына
қарсы бұрыңыз (2-сур.).
Әлсіз ағыс кезінде бояу ағыстың ортасында
шоғырланады және жабыны біркелкі болмай
шығады.
Қатты ағыс кезінде бояу біркелкі жағылады.
Сөндіру
Бояу пультін сөндіру үшін ажыратқышты (3) ∙
босатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мынадай жағдайларда
бояу пультін тез арада сөндіріңіз:
• электр жабдығындағы үзіліс немесе күш
беру сымында зақымдалу орын алса.
• ажыратқыш (3) ақаулы болса.
• оқшаулауышта түтін немесе ерекше күйген
иіс пайда болса.
Б ү р к і п ш а ш у ә д і с т е р і
Анағұрлым жақсы нәтижеге қол жеткізу ∙
үшін бояу пультін үнемі түзу және үстіңгі бетке
қосарластырып ұстаңыз.
Құралды боялатын үстіңгі беттен 25 - 30 ∙
см арақашықтығында ұстаңыз және бояуды бір
жақтан екінші жаққа немесе жоғарыдан төменге
қарай біркелкі етіп бүркіп шашыңыз (3-4 сур.).
Үстіңгі бетте ағып түскен іздердің қалуын ∙
болдырмау үшін бояуды бұрыштың астына бүркіп
шашпаңыз.
Құралды байсалды және біркелкі етіп орнын ∙
ауыстырыңыз.
Үлкен үстіңгі беттерді бояған кезде тоғыспалы ∙
бүркіп шашуды пайдаланыңыз (5-сур.).