28
KK
 • Сымсыз сигналды тарату жүйесіндегі 
ақаулыққа байланысты, жабдықты тіркеу 
мүмкін емес. Жабдықты электр жүйесінен 
ажыратып, әрекетті қайталамас бұрын бір 
минтуттай күтіңіз.
 • Сымсыз роутердегі брандмауэр қосулы болса, 
оны өшіріңіз немесе оны ерекше жағдай 
ретінде қосыңыз.
 • Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әріптері 
мен сандардан тұруы қажет. (Ерекше 
таңбаларды қолданбаңыз)
 • Смартфонның пайдаланушы интерфейсі (UI) 
телефонның операциялық жүйесіне (OS) және 
өндірушіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
 • Егер роутердің қауіпсіздік протоколы WEP 
күйіне орнатылған болса, желіні орната 
алмауыңыз мүмкін. Оны басқа қауіпсіздік 
протоколдарына өзгертіңіз (WPA2 ұсынылады) 
және өнімді қайтадан тіркеңіз.
LG ThinQ қолданбасын орнату
Google Play & Apple App дүкенінен немесе 
смартфоннан LG ThinQ қолданбасын іздеңіз. 
Жүктеу үшін нұсқауларды орындап, қолданбаны 
орнатыңыз.
Сымсыз LAN модулінің 
сипаттамалары
Моделі LCW-003
Жиілік 
диапазоны
2412 - 2472 МГц
Шығыс қуаты 
(макс.)
IEEE 802.11b:18.37 dBm
 
IEEE 802.11g:17.67 dBm 
IEEE 802.11n:17.67 dBm
Сымсыз функцияның Б/ж нұсқасы: V 1,0
Бастапқы коды ашық 
бағдарламалық құрал ескертуі 
туралы ақпарат
Осы өнімдегі GPL, LGPL, MPL және басқа да 
бастапқы коды ашық лицензиялардағы бастапқы 
кодты алу үшін http://opensource.lge.com 
веб-торабына өтіңіз.
Бастапқы кодқа қоса, барлық қажетті 
лицензиялардың шарттарын, кепілдік 
міндеттерінен бас тарту құжаттарын және 
авторлық құқық туралы мәліметтерін алуға 
болады.
LG Electronics компаниясы сізге CD-ROM 
дискісінде ашық бастапқы кодты ақылы түрде 
береді. Қызмет ақысына opensource@lge.com 
мекенжайына электрондық хатпен сұрау 
жіберілгеннен кейін мұндай үлестіруді орындау 
құны (мысалы, тасығыш, жеткізу және өңдеу 
құны) жатады. Бұл ұсыныс осы өнімді соңғы рет 
жібергеннен кейін үш жыл ішінде жарамды 
болады. Ұсыныс осы ақпаратты алған әр тұлға 
үшін жарамды болып келеді.