Батареяларды алып тастауға немесе оларды қоспастан тікелей
тұйықтауға болмайды. Батареяларды оттан, қызудан және тікелей
күн сәулесі түсуінен сақтаңыз.
Басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша
қондырғыларын, сондай-ақ Philips арнайы кеңес ретінде ұсынбаған
бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай бөлшектерді
немесе қосымша қондырғыларды қолданған болсаңыз, онда сіздің
кепілдігіңіз өз күшін жоғалтады.
Бұл құрылғы тек үйде қолдануға арналған.
Егер ингредиенттер стакан немесе ұсақтағыш ыдысының жиегіне
жабысып жатса, құрылғыны өшіріп, оларды қалақша көмегімен
немесе біраз сұйықтық қосу арқылы ажыратып алыңыз.
Стакан немесе ұсақтағыш ыдысын ешқашан температурасы
80°C/175°F-тан асатын ингредиенттермен толтырмаңыз.
Үздіксіз үш салымнан артық шайқауға болмайды. Шайқауды
жалғастырар алдында, құралды бөлме температурасына дейін
суытып алыңыз.
Шуыл деңгейі: қол блендері үшін Lc = 74,1 дБ [A]
Шуыл деңгейі: турағыш үшін Lc = 87,1 дБ [A]
Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге
(ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданылса, қазіргі
кезде белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану
қауіпсіз деуге болады.
Құрылғыда орнатылған қауіпсіздік жүйесі бар. Қосу/өшіру түймесін
басып тұрып, қауіпсіздік түймесін басып ұстап тұрсаңыз ғана құрылғы
жұмыс істейді. Құрылғы жұмыс жасап бастаған кезде
қауіпсіздік түймесін босатыңыз. Қосу/өшіру түймесін босатқан
кезде, қауіпсіздік жүйесі құрылғыны байқаусыз қолданудан қорғау
үшін автоматты түрде өзінің өшірулі қалпына келеді.
Құрылғыда қатты қызып кетуден қорғау жүйесі орнатылған. Ауыр
жүктемемен жұмыс жасағанда мотор бөлігі қызып кетуі мүмкін. Бұл
-
-
-
-
-
-
-
-
76