Құрылғы зарядталып жатқанда, көк жарық ақырын жыпылықтап
тұрады.
Батареялар толық зарядталғанда, зарядтау жарығы тоқтаусыз көк
болып жанып тұрады.
Батареялардың заряды аз болғанда, көк зарядтау жарығы
жыпылықтайды. Батареялардың қуаты неғұрлым азайғанда, жарық
соғұрлым тезірек жыпылықтайды.
Өте ауыр жүктемемен жұмыс жасағанда мотор бөліктері қызып
кетуі мүмкін. Ішінде орнатылған қауіпсіздік жүйесі құрылғыны
сөндіріп, зарядтау жарығы қызыл болып жанады.
1 Ыстық ингредиенттерді турар алдында, шайқар алдында немесе
стаканға құяр алдында міндетті түрде суытып алыңыз
(максималды температура 80°C/175°F).
2 Өнімдердің ірі түйірлерін шамамен үлкендігі 2 см етіп тураңыз,
сонан соң оларды өңдеуге кірісіңіз.
Қол миксерінің қызметі:
сүт өнімдері, соустар, жеміс-жидек шырындары, сорпа, сусындар,
коктейльдер сияқты сұйықтықтарды шайқау.
құймаққа арналған сұйық қамырды немесе майонезді дайындау
үшін жұмсақ ингредиенттерді араластыру.
мысалы, балалар тағамына арналған қайнатылған өнімдерден пюре
дайындау.
-
-
-
-
-
-
-
78