23
Батарея заряды төмендегенде, робот қосылуы
мүмкін. Ондай жағдайда роботты док станцияға қойып,
зарядтаңыз.
Ескертпе:
Роботты қосу үшін түймесін басып
тұрыңыз. Қуат шамы тұрақты болғанша
күтіңіз, содан кейін роботты зарядтау
үшін док станцияға қойыңыз. Роботқа
жұмыс өнімділігі жоғары литий
ионды зарядталатын батареялар
жинағы орнатылған. Қалыпты жұмыс
барысында батарея жұмысын сақтау
үшін робот әрдайым зарядталып тұруы
керек.
Қосужәнезарядтау
B4
B5
Еденжуумодулін
пайдалану
Су ағынын арттыру үшін қосқышты төмен
сырғытыңыз және су ағынын азайту үшін
жоғары сырғытыңыз.
B5-1 – Су ағынын реттеңіз
Су ыдысын тығынын алыңыз, ыдыстың
ішіне су құйыңыз және мықтап жабыңыз.
B5-2 – Су ыдысын толтырыңыз
Швабра шүберегін сулап, су тамшылап
тұрмайтындай сығыңыз. Оны тіркеме
слоты бойымен астына салыңыз да,
орнына нықтап орнатыңыз.
B5-3 – Еден жуғыш шүберекті орнатыңыз
1. Жердегі кабельдер мен бос жатқан
заттарды тазалаңыз, сонымен қатар ілініп
қалу, кептеліп қалу немесе роботтың
соғып кету жағдайларына байланысты
орын алатын жарақат пен зақымның
алдын алу үшін әрең тұрған, тез сынатын,
құнды немесе қауіпті заттарды басқа
жерге қойыңыз.
2. Бұл роботты биік жерде пайдаланғанда,
абайсызда құлап кетпеуі үшін физикалық
кедергі жасап қойыңыз, әйтпесе
дене жарақатына немесе мүліктің
зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Ескертпе:
роботты алғаш пайдаланғанда, оның тазалаған
жолын түгелдей қадағалап отырыңыз және қандай
қиындықтарға тап болатынын көріңіз. Робот болашақта
өз бетінше тазалай беретін болады.
Док станцияны тегіс жерге арқасын
қабырғаға тақап қойыңыз. Оны қуат
көзіне қосыңыз.
B1-1 0,5 м-ден (1,6 фут) жоғары
B1-2 1,5 м-ден (4,9 фут) жоғары
B1
Докстанцияны
орналастырыңыз
•
Док станцияның екі жағында кемінде 0,5 м (1,6 фут) және
алдында 1,5 м (4,9 фут) орын болуы керек.
•
Егер қуат кабелі жерге тігінен салбырап тұратын болса,
оған робот тиіп кетіп, док станцияны жылжытуы немесе
ажыратуы мүмкін.
•
Док станция электр желісіне қосылып тұрғанда, док
станция индикаторы қосылады, ал робот зарядталып
тұрғанда, өшіп тұрады.
Ескертпелер:
•
Док станцияны тікелей күн сәулесінен және док станция
орнының индикаторын бөгейтін кез келген нәрседен
сақтаңыз, әйтпесе робот док станцияға қайтпай қалуы
мүмкін.
•
Мобильдік қолданба жақсы жұмыс істеуі үшін док
станцияны WiFi сигналын жақсы ұстайтын жерге
орналастырыңыз.
Док станцияны орнату үшін тегіс еденді
таңдап, оны құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Содан кейін док станцияны таңдалған
еденге қабырғаға тіреп қойыңыз. Док
станцияны еденге бекіту үшін екі жақты
скотчты пайдаланыңыз.
Ескертпелер:
•
Зарядтайтын док станцияны еденге бекіту үшін екі жақты
скотчты пайдаланған дұрыс.
•
Қажет болса, екі жақты скотчты желімі қалып
қалмайтындай ақырын алып тастаңыз.
B2
Докстанцияныбекітіңіз
Док станция бекітілгеннен кейін ылғалға
төзімді төсеніш орналастырылатын
бетті сүрту үшін құрғақ шүберекті
пайдаланыңыз. Ылғалға төзімді
төсеніштің астындағы екі жақты скотчты
жыртып, алыңыз да, төсенішті еденге
жабыстырыңыз.
Ескертпелер:
•
Ылғалға төзімді төсенішті тек ағаштан жасалған
едендерге қойыңыз.
•
Ылғалға төзімді төсеніш тегіс беттерге жақсы бекітіледі.
B3
Ылғалғатөзімдітөсенішті
бекітіңіз
B2-1 – екі жақты скотч