EasyManua.ls Logo

STERWINS 40VLM2-42P.1 - Құрылғыны Тасымалдау

STERWINS 40VLM2-42P.1
108 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
209
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
EN
нұсқаулығы
1. Батареяның жоғарғы ортасындағы құлыптау түймесін басып, оны өнімнен ысырып
алып тастаңыз.
2. Батарея блогын зарядтағыш құралға құлыпталған күйіне сырт етіп түскенше
сырғытыңыз.
3. Жасыл түсті шамның жыпылықтауы батареяның зарядталып жатқанын білдіреді.
Егер жасыл түсті шам бұдан былай жыпылықтамаса, бұл батареяның толықтай
зарядталғанын білдіреді.
5. ТАСЫМАЛДАУ
Құрылғыны немесе батареяны тасымалдау еліңізге тән белгілі бір талаптарға сай болуды
талап етуі мүмкін. Талаптардың барлығын орындау үшін еліңіздің өкілетті органдарына
хабарласып, олардың орындалғанына көз жеткізіңіз. Тасымалдау кезіндегі температура
«Сақтау» тарауында берілген температура ауқымынан тыс еместігіне көз жеткізіңіз
5.1 ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСЫМАЛДАУ
6.1
-
6.8
-суреттер
Өнімді өшіріп, батарея мен сақтандырғыш кілтті алып тастаңыз.
Өнімді әрдайым тұтқасынан ұстап тасымалдаңыз. Өнімді кез келген ауыр ықпалдан
немесе көлік ішінде тасымалдау кезінде пайда болуы мүмкін қатты дірілден қорғаңыз.
Өнімнің сырғып немесе құлап кетуіне жол бермеу үшін оны бекітіңіз. Өнімді күн сәулесінің
әсеріне ұшыратпаңыз, тасымалдау кезінде құрылғыны міндетті түрде бекітіңіз.
5.2 ЛИТИЙ-ИОНДЫ БАТАРЕЯЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ
Толық мәліметтер алу үшін батареяны пайдалану нұсқаулығын қараңыз.
6. ҚЫСТАУ
6.9
-сурет
Батареяны электр құралынан ажыратыңыз.
Ұзақ уақыт сақтамас бұрын, батарея зарядтағыш құралы батареяны пайдалану
нұсқаулығында берілген нұсқауларға сәйкес келетінін тексеріңіз. Төмендегі «Сақтау»
тарауындағы барлық нұсқауларды орындаңыз. Біз өнімді сақтау үшін түпнұсқа орамды
пайдалануға немесе оны шаңнан қорғау үшін жарамды матамен немесе жабынмен
жабуға кеңес береміз.
7. САҚТАУ
Құрылғы мен батареяны тек таза, құрғақ, жақсы желдетілетін жерде 4°C - 24°C
аралығындағы температурада сақтаңыз. Оны қосымша қорғаныспен қамтамасыз ету
үшін жауып қойыңыз. Біз өнімді сақтау үшін түпнұсқа орамды пайдалануға немесе оны
шаңнан қорғау үшін жарамды матамен немесе жабынмен жабуға кеңес береміз.
7.1 ҚҰРЫЛҒЫНЫ САҚТАУ
6.1
-
6.9
-суреттер
Батареяны электр құралынан ажыратыңыз. Құрылғыда тозған, босап кеткен немесе
зақымдалған бөліктердің бар-жоғын тексеріп шығыңыз. Құрылғыны сақтау алдында
тазалап шығыңыз. Өнімді күн сәулесі түсетін жерге қоймаңыз. Өнімнің суық және
ылғалды ортадан әрдайым қорғалғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны сақтауға қоймас бұрын әрдайым суытыңыз.

Related product manuals