EasyManua.ls Logo

Stihl EVC 8000.0 - 7.2 Мотор майының деңгейін тексеру; 7.3 Ауа сүзгісін ауыстыру; 7.4 Ауа сүзгісін тазалау

Stihl EVC 8000.0
196 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
7.2 Мотор майының деңгейін
тексеру
STIHL құрылғысын тегіс жерге қойыңыз.
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Май деңгейінің көрсеткішін (1) бұрап
шығарыңыз және шүберекпен тазалаңыз.
Май деңгейінің көрсеткішін (1) құю келте
құбырына енгізіңіз, бұрап бекітпеңіз.
Май деңгейінің көрсеткішін алып тастаңыз
және деңгей шкаласындағы (2) май
деңгейін қараңыз. Қажет болса, мотор
майын максималды толтыру деңгейіне (3)
жеткенше арнайы құйғышпен қайта
құйыңыз,
5.2.
Май деңгейінің көрсеткішін (1) бұрап
кіргізіңіз.
7.3 Ауа сүзгісін ауыстыру
Қозғалтқышты өшіріңіз.
STIHL құрылғысын беті тегіс жерге
қойыңыз.
Ауа сүзгісінің қақпағы мен корпусын
шүберекпен тазалаңыз.
Айналмалы тұтқаларды (1) босатыңыз.
Қақпақты (2) ашып алыңыз.
Сүзгіш элементті (3) шығарыңыз.
Көбікті материалдан жасалған сүзгіні (4)
қағаз сүзгісінен (5) шығарып алыңыз.
Сүзгіш элементті (3) және сүзгіні (4, 5)
тексеріңіз. Сүзгіде зақымдану немесе өте
қатты ластану белгілері байқалса,
бөлшектерді ауыстырыңыз.
Көбікті материалдан жасалған жаңа
сүзгіні (4) орнатпас бұрын таза мотор
майына батырыңыз. Артық мотор майын
сығып алыңыз.
Көбікті материалдан жасалған сүзгіні (4)
қағаз сүзгісіне (5) салыңыз.
Сүзгіш элементті (3) салыңыз.
Қақпақты (2) кигізіңіз.
Айналмалы тұтқаларды (1) бұрап кіргізіңіз.
7.4 Ауа сүзгісін тазалау
Ауа сүзгісін көрсетілген техникалық қызмет
көрсету аралықтарымен тазалаңыз.
7.1.
STIHL құрылғысын шаңды орталарда
қолданған кезде сүзгіні жиірек тазалаңыз.
Қозғалтқышты өшіріңіз.
STIHL құрылғысын беті тегіс жерге
қойыңыз.
Ауа сүзгісінің қақпағы мен корпусын
шүберекпен тазалаңыз.
Сүзгіш элементті шешіп алыңыз, 7.3.
Көбікті материалдан жасалған сүзгіні (1)
сабын ерітіндісімен жуып алып, кептіріңіз.
Ластанған сабын ерітіндісін қоршаған орта
үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жаратыңыз.
қазақ 7 Қызмет көрсету
120 0478-983-9915-B

Table of Contents

Related product manuals