EasyManua.ls Logo

Stihl RM 248.2 - Page 265

Stihl RM 248.2
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Аталған әрекеттерді орындау мүмкін
болмаса: көгалшапқышты пайдаланбаңыз
және STIHL делдалына хабарласыңыз.
6 Көгалшапқышты
құрастыру
6.1 Бас тұтқаны орнату
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
Бұранданы (1) арқан бағыттауышы (2)
арқылы өткізіңіз.
Арқан жетегін (3) арқан бағыттауышына (2)
іліңіз.
Бас тұтқаны (4) саңылаулар сәйкес
келетіндей етіп ұстағыштарға (5) тақап
ұстап тұрыңыз.
Бұрандаларды (1 және 6) іштен сыртқа
қарай саңылаулар арқылы өткізіңіз.
Жұлдыз тәрізді тұтқалы гайкаларды (7)
бұрап бекітіңіз және мықтап тартыңыз.
Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын (8) бас тұтқаға (4) басып тұрыңыз.
Іске қосу механизмінің тұтқасын (9) жетек
арқанының бағыттауышына (10) қарай баяу
тартыңыз.
Іске қосу механизмінің тұтқасын (9) жетек
арқанының бағыттауышына (10) іліп
қойыңыз.
Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын (8) жіберіңіз.
Оталдыру білтесі сымының штекерін
орнына салыңыз.
Бас тұтқаны (4) қайтадан шешіп қою қажет
емес.
6.2 Шөп жинағышты монтаждау,
ілу және босату
6.2.1 Шөп жинағышты монтаждау
Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (1) шөп
жинағыштың астыңғы жағына (2)
орнатыңыз.
Қапсырмалар (3) және бағыттауыштар (5)
ішінде тұруы керек. Ысырмалар (3)
саңылаулардың (4) биіктігінде орналасуы
қажет.
Ысырмаларды (3) бірінен кейін бірі арттан
алға қарай саңылауларға (4) кіргізіңіз.
Ысырмалар (3) шерту дыбысымен тіреледі.
6.2.2 Шөп жинағышты ілу
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
Лақтырманың қақпағын (1) ашып, ұстап
тұрыңыз.
Шөп жинағышты (2) тұтқасынан (3) ұстап
алып, ілмектерімен (4) бекіткіштерге (5)
іліңіз.
Қалпақ (6) жабық болуы керек.
Лақтырманың қақпағын (1) шөп
жинағышқа (2) қойыңыз.
6.2.3 Шөп жинағышты ажырату
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
Лақтырманың қақпағын ашып, ұстап
тұрыңыз.
Шөп жинағышты тұтқасынан ұстап жоғары
қарай шығарыңыз.
6 Көгалшапқышты құрастыру қазақ
0478-111-9850-A 265

Table of Contents

Related product manuals