EasyManua.ls Logo

Stihl RM 248.2 - Page 266

Stihl RM 248.2
Print Icon
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
Лақтырманың қақпағын жабыңыз.
6.3 Мотор майын құю
Мотор майы қозғалтқышты майлап суытады.
Мотор майының спецификациясы және
толтыру көлемі қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында көрсетілген.
Нұсқау
Бастапқы күйде мотор майы құйылмайды.
Қозғалтқышты мотор майынсыз немесе тым
аз мотор майымен іске қосу нәтижесінде
көгалшапқыш зақымдалуы мүмкін.
Әр іске қосу әрекетінің алдында мотор
майын тексеріңіз және қажет болса,
мотор майын тағы құйыңыз.
Мотор майын қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында сипатталғандай
құйыңыз.
7 Көгалшапқышқа отын құю
7.1 Көгалшапқышқа жанармай
құю
Нұсқау
Егер дұрыс жанармай құйылмаса,
көгалшапқыш зақымдалуы мүмкін.
Қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығын қараңыз.
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
Жанармай багы қақпағының айналасын
ылғал шүберекпен сүртіңіз.
Жанармай багының қақпағын (1) шығарып
алу мүмкін болғанша сағат тіліне қарсы
бағытта бұраңыз.
Жанармай багының қақпағын ашып
алыңыз.
Жанармайды жанармай багының жиегіне
дейін кемінде 15 мм бос орын қалдырып
құйыңыз.
Жанармай багының қақпағын жанармай
багына салыңыз.
Жанармай багының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап, қолмен мықтап
қатырыңыз.
Жанармай багының қақпағы жабылды.
8 Көгалшапқышты
пайдаланушы үшін реттеу
8.1 Бас тұтқаны қайырып ашу
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
Жұлдыз тәрізді тұтқалы гайкалар (1)
тартылған болса, оларды босатыңыз.
Бас тұтқаны (2) қайырып ашыңыз және
арқан жетегінің (3) қысылып қалмауын
қадағалаңыз.
Жұлдыз тәрізді тұтқалы гайкаларды (1)
мықтап тартыңыз.
Бас тұтқа (2) көгалшапқышқа нық бекітілген.
қазақ 7 Көгалшапқышқа отын құю
266 0478-111-9850-A

Table of Contents

Related product manuals