55
KK
Қашан тәтті қосуға болады?
Йогурт және сүзбе үшін:
Йогурттарыңызға жеуден бұрын тәтті қосуға немесе ашыту
кезіндегі сияқты сүтке қант қосу және ерігенге дейін шанышқымен
немесе бұлғауышпен араластыру арқылы дайындаудан бұрын
қосуға болады.
ЙОГУРТТАР ЖАСАУ
(1 ЖӘНЕ 2 БАҒДАРЛАМАЛАРЫ)
Қоспаны дайындау
5
• Сізге сүт (әсіресе, қаймағы алынбаған сүт)
және ашытқы (Ингредиенттерді таңдау бөлімін
қараңыз) қажет.
• Егер йогуртты ашытқы ретінде пайдалансаңыз:
жақсы қоспа дайындау үшін йогуртты біраз
сүт қосып, бірқалыпты паста жасау үшін
шанышқымен немесе бұлғауышпен ақырындап
қопсытыңыз. Одан кейін, қалған сүтті қосып,
үздіксіз араластырыңыз.
• Қоспаны құмыраларға құрылғымен берілген
ожаумен бөліңіз (сур.5).
6 құмыра үшін: 750 мл сүт, таңдауыңыз бойынша
ашытқы.
12 құмыра үшін: 1,5 литр сүт, таңдауыңыз
бойынша ашытқы.
Құмыралар саны Сүттің мөлшері Ашытқы
6 750 мл
1 құмыра йогурт немесе
1 пакет ұнтақты ашытқы
12 1,5 литр
1 құмыра йогурт немесе
1 пакет ұнтақты ашытқы
Ескертпе:
Егер құтылардың барлығын пайдаланғыңыз
келмесе, пайдаланылмайтын ұяшықтарды
бос құтымен немесе құты қақпағымен жауып
қойыңыз.