EasyManua.ls Logo

Bosch Professional GLL 2-10 - Пайдалану түрлері; Нивелирлеу автоматикасы; Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу; Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу

Bosch Professional GLL 2-10
533 pages
Go to English
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Loading...
274 | Қазақ
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды әркез ауыстыруға болады:
Қиылысу режимі (Cсуретін қараңыз): бір көлденең және бір тік лазер сызығын
шығарады,
Көлденең режим (Dсуретін қараңыз): көлденең лазер сызығын шығарады,
Тік режим (Eсуретін қараңыз): тік лазер сызығын шығарады.
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін қиылысу режимінде болады. Көлденең жұмыс
режимі(6) және тік жұмыс режимі(5) түймелерінің көмегімен көлденең және тік
лазер сызықтарын бір-бірінен тәуелсіз қосып өшіруге болады.
Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу автоматикасымен де, маятникті
бұғаттау тетігімен де таңдауға болады.
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, бұрама ұстағышқа(13) немесе
штативке(23) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/өшіргішті (2) " On"
күйіне жылжытыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тегіс
емес жерлерді автоматты түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан ары қозғалмаса,
нивелирлеу аяқталады.
Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы тұрған бет
көлденең сызықтан 4° шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сәулелері жылдам
жыпылықтайды.
Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу
аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса,
лазер сәулелері үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе өлшеу құралы автоматты
ретте өзін нивелирлейді. Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы
пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік сызықтардың күйін негізгі
нүктелерге салыстырып тексеріңіз.
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу
Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін ажыратқышты (2) " On" күйіне
жылжытыңыз. Маятникті бұғаттау индикаторы (8) қызыл түспен жанып тұрады және
лазер сызықтары бояу жыпылықтайды.
1 609 92A 7AN | (14.12.2021) Bosch Power Tools

Table of Contents

Related product manuals