270 | Қазақ
Анимация таңдалған өлшеу функциясы бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулармен
бірге көрсетіледі.
Алдыңғы немесе келесі қадамды көру үшін немесе түймесін басыңыз.
Дәлдік тексерісі
Қашықтықты өлшеу дәлдігін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану бойынша нұсқаулықты мына
жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/manuals
Қате туралы хабар
Егер өлшеу дұрыс орындалмайтын болса, дисплейдеError қате туралы хабары
көрсетіледі.
Қайта өлшеп көріңіз.
Қате туралы хабар қайтадан пайда болса, өлшеу құралын өшіріп қосып, өлшеуді
бастаңыз.
Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Ақаулық
анықталса, дисплейде тек іргелес белгі көрсетіледі және өлшеу құралы
өшіп қалады. Бұл жағдайда өлшеу құралыңызды сатушыңыз арқылы Bosch
қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Қабылдау линзасына(15) көзілдірікке немесе фотоаппарат объективіне күтім
көрсеткендей күтім көрсетіңіз.
Жөндеу қажет болғанда, өлшеу құралын қорғаныш қабында(18) жіберіңіз.
1 609 92A 7CD | (02.02.2022) Bosch Power Tools