EasyManuals Logo

CMi C-EKS-2000/35 User Manual

CMi C-EKS-2000/35
Go to English
224 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #200 background imageLoading...
Page #200 background image
KAZ
200
Электр құралымен жұмыс істеу
кезінде бөгде адамдар мен бала-
ларды жақын жібермеңіз. Алаңдап,
аспапты бақылаудан айырылып
қалуыңыз мүмкін.
Электрлік қауіпсіздік
Электр аспабының штепсельдік
ашасы розеткаға сай келуі керек.
Штепсельдік ашаны еш жағдайда
өзгертпеңіз. Қорғаныштық жерге
тұйықтауы бар электр құралдарын-
дағы штепсель айырларына аран-
лған адаптерлерді пайдаланбаңыз.
Өзгертілмеген штепсельдік ашалар
мен сəйкес келетін штепсельдік розет-
калар электр тогынан зақымдану қаупін
төмендетеді.
Жерге тұйықталған бетпен, мысалы,
құбырлармен, жылыту элемент-
терімен, ас үй плиталарымен жəне
тоңазытқыштармен денеңіздің жана-
суынан сақтаныңыз. Денеңіз жерге
тұйықталған болса, ток соғу тəуекелі
айтарлықтай артады.
Электр құралын жаңбырдан жəне
ылғалдан қорғаңыз. Электр құралы-
ның ішіне судың кіруі электр тогынан
зақымдану тəуекелін арттырады.
Кабельді мақсатынан тыс, мысалы,
электр құралын тасымалдау,
штепсельдік ашаны тартып шығару
үшін пайдаланбаңыз. Кабельді
жоғары температурадан, майдан,
құралдың өткір шеттерінен немесе
жылжымалы бөліктерінен
сақтаңыз. Зақымданған немесе шата-
сып қалған сым электр тогынан
зақымдану тəуекелін арттырады.
Электр құралымен далада жұмыс
істеген кезде, далада жұмыс істеу
үшін жарамды ұзартқыш кабель-
дерді ғана пайдаланыңыз. Ғимарат
сыртында пайдалану үшін жарамды
ұзартқыш кабельді пайдалану ток соғу
қаупін төмендетеді.
Электр құралының ылғалды ортада
қолданылуынан сақтану мүмкін бол-
маса, дифференциалдық автоматты
пайдаланыңыз. Қорғаушы өшіру
құрылғысын пайдалану ток соғудан
жарақаттану қаупін төмендетеді.
Адам қауіпсіздігі
Мұқият болыңыз, жұмысыңызды
қадағалап отырыңыз жəне электр
құралымен жұмысты ойластырып
бастаңыз. Шаршаған немесе есірткі,
ішімдік немесе дəрі-дəрмек əсерінде
болған жағдайда аспапты пайдалан-
баңыз. Электр құралымен жұмыс істеу
кезінде бір секундтық зейінсіздік қай-
тымсыз салдарға əкелуі мүмкін.
Қорғаныс жарақтарын киіп,
əрдайым қорғаныш көзілдірік
тағыңыз. Электр аспабының түрі мен
қолданылуына қарай шаңнан қорғай-
тын бетперде, сырғанауды болдырмай-
тын табаны бар аяқ киім, қорғаныш
шлем жəне есту мүшелерін қорғау
құралдары сияқты қорғау құралдарын
киіп жүру жарақаттану қаупін төменде-
теді.
Кездейсоқ қосылуынан сақтаныңыз.
Электр құралын қуат көзіне жəне/
немесе аккумулятор батареясына
қосу, қолыңызға алу немесе басқа
орынға тасымалдаудан бұрын,
оның өшіп тұрғандығына көз жет-
кізіңіз. Электр құралын тасымалдау
кезінде саусақты ажыратқышта ұстау
жəне құралды ажыратқыштың қосулы
күйінде қуат көзіне жалғау жарақатта-
нуға апарып соғады.
Электр құралын іске қоспас бұрын,
реттегіш құралды жəне бұра-
уыштарды алып тастаңыз. Құрал-
дың айналмалы бөлігінде орналасқан
құрал немесе кілт жарақаттануға əкелуі
мүмкін.
Қалыпсыз дене қалпында болудан
сақтаныңыз. Əрдайым орнықты
қалыпқа көшіп, тепе-теңдікті
сақтаңыз. Осының арқасында күтпе-
ген жағдайларда электр құралын жақ-
сырақ бақылайсыз.
Лайықты киім киіп жүріңіз. Кең киім
мен əшекейлер тақпаңыз. Шашыңы-
зды, киіміңізді жəне қолғабыңызды
айналмалы бөлшектерден алыс
ұстаңыз. Кең киім, əшекейлер жəне
ұзын шаш айналмалы бөліктерге тап
болуы мүмкін.
Егер шаң соратын жəне шаң ұстай-
тын құрылғыларды монтаждау мүм-
кін болса, олардың дұрыс қосылға-
нына жəне пайдаланылғанына көз
жеткізіңіз. Шаңсорғышты пайдалану
шаңнан пайда болатын қауіпті төмен-
детеді.

Table of Contents

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the CMi C-EKS-2000/35 and is the answer not in the manual?

CMi C-EKS-2000/35 Specifications

General IconGeneral
BrandCMi
ModelC-EKS-2000/35
CategoryChainsaw
LanguageEnglish

Related product manuals