KAZ
201
Аспапты пайдалану жəне қолдану
• Құралды асыра жүктемеңіз. Жұмыс
істеу үшін осыған арналған электр
құралдарын ғана пайдаланыңыз.
Жарамды электр құралымен аталған
қуаттылық диапазонында жақсырақ
жəне сенімдірек жұмыс істейсіз.
• Сөндіргіші зақымданған электр құра-
лын пайдаланбаңыз. Қосу немесе
өшіру мүмкін емес электр құралы
қауіпті болып табылады жəне оны мін-
детті түрде жөндеу қажет.
• Аспапты орнатудан, керек-
жарақтарды алмастырудан немесе
құралды сақтауға қоймастан бұрын
штепсельдік ашаны розеткадан
ажыратыңыз жəне/немесе аккумуля-
тор батареясын шығарыңыз. Бұл
сақтық шарасы құралдың байқаусызда
қосылуын болдырмайды.
• Қолданылмайтын электр құралда-
рын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Құралдың құрылы-
мымен таныс емес немесе осы пай-
далану бойынша нұсқаулықты оқы-
маған тұлғаларға құралды пайдала-
нуға рұқсат етпеңіз. Электр құрал-
дары тəжірибесіз тұлғалардың
қолында қауіпті болады.
• Электр құралын мұқият күтіңіз.
Жылжымалы бөлшектері мінсіз
жəне қысылмай жұмыс істейтіндn-
гіне, электр құралының жұмысына
кері əсерін тигізе алатын зақымдар
мен сынған бөлшектердің
жоқтығына көз жеткізіңіз. Құралды
пайдаланбас бұрын зақымдалған
бөліктерін міндетті түрде жөндеу
керек. Электр құралдарына нашар
күтім жасау жарақаттанудың жиі себеп-
кері болады.
• Кескіш құрал жақсы қайралған жəне
таза болуы тиіс. Мұқият тазаланатын
жəне күтілетін өткір кескіш жиектері бар
кескіш құралдар азырақ кептеледі жəне
оларды жүргізу жеңілдеу.
• Электр құралдарын, керек-
жарақтарды, қосалқы құралдарды
жəне т.б. осы нұсқаулыққа сай пай-
даланыңыз. Бұл ретте еңбек жағдай-
лары мен жүзеге асырылатын əре-
кет түрін ескеріңіз. Электр құралда-
рын олардың пайдаланылуы үшін көз-
делмеген басқа операцияларды орын-
дау үшін пайдалану қауіпті жағдайлар-
дың туындауына əкелуі мүмкін.
Сервистік қызмет көрсету
• Электр құралыңызды жөндеуге тек
білікті қызметкерлерге жəне тек түп-
нұсқа қосалқы бөлшектермен рұқсат
етіңіз. Тек осылайша электр аспабы-
ның қауіпсіздігіне кепілдік беруге
болады.
• Егер осы аспаптың желілік кабелі
бүлінсе, қауіпті болмауы үшін оны
кабельді өндіруші немесе оның сервис
қызметі не білікті маман ауыстыруы
тиіс.
Шынжырлы араларға арналған
қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар
• Шынжырлы ара қосылып тұрған
кезде барлық дене мүшелерін ара-
дан алыс ұстау қажет. Араны қосар
алдында ара тізбегіне ешнəрсе тиіп
тұрмағандығына назар аударыңыз.
Шынжырлы арамен жұмыс істеген
кезде бір сəт алаңғасарлық таныт-
саңыз, киім немесе дене мүшеңіздің
араның шынжырына ұсталып қалуына
əкеліп соғуы мүмкін.
• Əрқашан шынжырлы араны оң
қолыңызбен артқы тұтқасынан жəне
сол қолмен алдыңғы тұтқасынан
ұстаңыз. Шынжырлы араны қарама-
қарсы жұмыс күйінде ұстау жарақат-
тану қатерін арттырады жəне қолда-
нылмауы тиіс.
• Электр құралын тек оқшауланған
тұтқасынан ғана ұстаңыз, себебі ара
шынжыры өзінің желілік кабеліне
тиіп кетуі мүмкін. Ара шынжыры ток
өткізгіш сыммен түйіскен кезде маши-
наның металл бөлшектері кернеулі
болып қалуы мүмкін, ол электр тогының
соғуына əкеліп соғуы мүмкін.
• Қорғаныш көзілдірік жəне есту
мүшелерін қорғау құралдарын
киіңіз. Басты, қолдар мен аяқтарды
қорғау құралдарын киюге кеңес
беріледі. Сəйкес келетін қорғаныш
киім ұшып жатқан жоңқадан жарақат-
тану қаупін жəне ара шынжырына кез-
дейсоқ тиіп кетуден жарақаттану қаупін
азайтады.
• Ағаштың үстінде отырып шынжы-
рлы арамен жұмыс істеуге бол-
майды. Ағаштың үстінде отырып шын-
жырлы арамен жұмыс істеген кезде
жарақаттану қаупі туындайды.