EasyManuals Logo

CMi C-ELH-2500/44 User Manual

CMi C-ELH-2500/44
Go to English
158 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #92 background imageLoading...
Page #92 background image
92
KAZ
Электрлік құралды, керек-жарақтарды,
жұмыс құралдарын және т.б. осы
нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Бұл
ретте жұмыс шарттары мен орындалатын
жұмысты ескеріңіз.
Электрлік құралдарды олардың
пайдаланылуы үшін көзделмеген басқа
операцияларды орындау үшін пайдалану
қауіпті жағдайлардың туындауына әкелуі
мүмкін.
Бұйымды қоспас бұрын, реттегіш құрал
мен бұрауыштарды алып тастаңыз.
Бұйымның айналмалы бөлшектеріндегі
құрал
немесе кілт жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Кездейсоқ қосылуынан сақтаныңыз.
Бұйымды электр қуат көзіне қоспас бұрын,
оны қолға алмас бұрын немесе
тасымалдамас бұрын, оның сөніп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Егер электр құралын тасымалдау барысында
саусағыңыз ажыратқышта орналасқан болса
немесе қосылып тұрған аспапты электр қуаты
көзіне қосатын болсаңыз, ток соғу қаупі
артады.
Шредерге арналған қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқаулар
Құрылғыны қоспас алдында, пышақтың
нұсқауларға сай монтаждалғанын және
берік орнатылғанын тексеріп шығыңыз.
Ешқашан бұйымды құю мойнынсыз
пайдаланбаңыз.
Бұйым бітелген жағдайда, алдымен оны
өшіріңіз, содан кейін желілік ашаны
розеткадан суырып, бітелуді кетіргенше
бұйым толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
Ажыратқышты таза және бөгде заттардан
бос күйінде ұстаңыз.
Бұйымды қоспас бұрын ережелерге сай
құрастыру қажет.
Қоспас бұрын барлық бұрандалар,
гайкалар мен басқа бекіткіш элементтер
нық тартылғанына және барлық қорғаныш
құрылғылардың дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
Пышақ айналып жатқан кезде кесілетін
материалды ұстауға немесе шығаруға
әрекеттенбеңіз. Қысылған кесілетін
материалды тек қана бұйымды өшіріп
шығарыңыз.
Айналмалы кескіш пышақпен тікелей
жанасуды болдырмаңыз. Аспап жұмыс
істеп
тұрғанда қол мен аяқты саңылаулардан
алшақ ұстаңыз.
Бұйымды іске қосу алдында құю
мойнының бос екеніне көз жеткізіңіз.
Жұмыс барысында ешқандай бөгде
заттардың (тастар, шыны, металл,
топырақ, пластик және т.б. сияқты)
бұйымда қалмағанына көз жеткізіңіз.
Пышақтар мұқалып қалуы және қозғалтқыш
зақымдалуы мүмкін.
Кескіш құрылғыда бөгде заттар қалса
немесе бұйым
әдеттегіден тыс шуыл
шығарса немесе өзгеше түрде дірілдесе,
қозғалтқышты дереу өшіріңіз және бұйым
тоқтағанша күте тұрыңыз.
Құю мойнына, шығару арнасына немесе
басқа жылжымалы бөліктердің жанына
қол мен басқа дене мүшелерін және киімді
кіргізбеңіз.
Кесілетін материалды әрдайым қоймастан
бұрын шығару аймағынан шығарыңыз.
Осылайша бұйымның тұрып қалуына немесе
кесілген материалдың кері соққымен
қайта
құю мойнына түсіп, жазатайым оқиғалардың
пайда болуына жол бермейсіз.
Жұмыс аймағынан 15 м айналада басқа
адамдар не жануарлар болмауы тиіс,
себебі ұшпа бөгде заттар оларға жарақат
тигізуі мүмкін.
Бұйымды тас төселген немесе бетонды
беттерде пайдаланбаңыз. Кесілетін
материал ыршып түсіп, жарақат тигізуі мүмкін.
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда
бұйымды кері аударуға
, көтеруге немесе
тасымалдауға болмайды.
Жұмыс барысында құю мойнына немесе
шығару арнасына тимеңіз. Бұйым
өшірілгеннен кейін шамамен 5 секунд жұмыс
істеп тұрады.
Аша розеткаға жалғаулы тұрғанда
ажыратқыштың өшірулі күйінде екеніне
көз жеткізіңіз.
Бұйыммен жұмыс істеген кезде лақтыру
аймағынан тыс тұрыңыз. Материалды
лақтырған кезде ешқашан бұйымнан жоғары
тұрмаңыз.
Желдету саңылаулары қабылдағыш
резервуармен немесе кесілетін
материалмен жабылмауы тиіс.
Өнімге қысқаша шолу
Сурет 1– 3-бет
1. Құю мойны
2. Шибер
3. Тұтқыш
214389_Schredder_Elektrisch.book Seite 92 Dienstag, 13. April 2021 9:23 09

Table of Contents

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the CMi C-ELH-2500/44 and is the answer not in the manual?

CMi C-ELH-2500/44 Specifications

General IconGeneral
BrandCMi
ModelC-ELH-2500/44
CategoryPaper Shredder
LanguageEnglish