Қазақша (KZ)
315
Сандық түрдегі мəндер
Автоматты режимде ақаулықтар код көмегімен көрсетіледі, ал қалыпты жұмыс кезінде
мына екі мəн көрсетіледі:
• сорғы жұмыс істеп тұрмаған болса, қоймадағы сұйықтық деңгейі
• сорғы жұмыс істеп тұрса, токты тұтыну. екі сорғы да жұмыс істеп тұрса, көрсетілген
токты тұтыну - екі сорғының да мəні.
Ақпараттық мəзірде келесі ақпарат көрсетіледі.
• ақаулық
кодтары
• жұмыс сағаттары
• импульстар
• ең жоғарғы өлшенген мотор тогы.
Параметрлерді орнату мəзірінде келесі ақпарат көрсетіледі.
• орнатылған іске қосу деңгейі
• орнатылған кідірістер
• орнатылған ток
• датчикті калибрлеу (пьзоресистивті деңгей датчигі үшін алдын ала орнатылған
параметрлер)
• қызмет көрсету аралықтары
• зауыттық параметрлерге жалпы ысыру.
Сорғыны басқару
жəне 1 сорғысындағы
сорғы ақаулығы
Бұл таңба 1 сорғы жұмыс
істеп тұрғанда көрінеді жəне 1 сорғыда ақаулық болғанда
жыпықтайды. Ақаулық жағдайында ол дисплейдегі басқа таңбалармен немесе ақаулық
кодтарымен бірге көрсетілуі мүмкін.
Сорғыны басқару
жəне 2 сорғысындағы
сорғы ақаулығы
Бұл таңба 2 сорғы жұмыс істеп тұрғанда көрінеді жəне 2 сорғыда ақаулық болғанда
жыпықтайды. Ақаулық жағдайында ол дисплейдегі басқа таңбалармен немесе ақаулық
кодтарымен бірге көрсетілуі мүмкін.
Фаза
реті ақаулығы
(Тек үш фазалық сорғылар)
Бұл таңба фаза реті ақаулығы жағдайында жəне фаза жоқ болса жыпықтайды.
6.4 Ақаулық көрсеткіштерінің сипаттамасы бөлімін қараңыз.
жылулық қосқыш
ақаулығы
Бұл таңба мотор температурасы рұқсатты мəннен асса жəне жылулық қосқыш сорғыны
өшірсе көрінеді.
Су деңгейі жоғары
дабылы
Бұл таңба қоймадағы сұйықтық деңгейі ең жоғары деңгейге жеткенде
көрінеді.
Сұйықтық деңгейі Бұл таңба дисплейдің ортасындағы ағымдағы сұйықтық деңгейі көрсетілгенде көрінеді.
Пиктограмма Функция Сипаттама