Қазақша (KZ)
329
11. Ақаулықтарды шолу
Назар аударыңыз
Денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін сұйықтықтарды тарту үшін пайдаланылатын су көтеру
станцияларында кез келген жұмысты орындау алдында су көтеру станциясын таза сумен мұқият
жуыңыз жəне шығару құбырын төгіңіз. Бөлшектеуден кейін бөліктерді суда шайыңыз.
Изоляциялық клапандар жабылғанын тексеріңіз. Жұмысты жергілікті ережелерге сай орындау керек.
LC 221 ішінде кез келген қосылымдарды жасау немесе су көтеру
станцияларында, т.б. жұмыс істеу
алдында қуат көзі өшірілгеніне жəне оның кездейсоқ қосылмайтынына көз жеткізіңіз.
Ақаулық Себеп Ақауды түзету
1. Сорғы(лар) іске
қосылмайды.
a) Электр қорегі жоқ.
Сигналдық шамдардың ешқайсысы жанбай тұр.
Резервтегі қорегі бар батарея:
5.2 LC 221 контроллері бөлімін қараңыз.
Қуат көзін қосыңыз немесе қуат өшуі аяқталғанша
күтіңіз. Қуат өшірулі кезде, диафрагмалық сорғы
көмегімен жинау қоймасын төгіңіз.
b) ҚОСУ-ӨШІРУ-АВТО таңдау қосқышы ӨШІРУ ()
күйінде, 6. LC 221 контроллерін басқару бөлімін
қараңыз.
ҚОСУ-ӨШІРУ-АВТО ауыстырып қосқышын ҚОСУ ()
немесе АВТО () басыңыз.
c) Басқару тізбегінің сақтандырғыштары күйіп кетті. Себепті тексеріп, жойыңыз. Басқару тізбегінің
сақтандырғыштаырн ауыстырыңыз.
d) Моторды қорғайтын тізбек сақтандырғышы
сорғыны ажыратты (моторды қорғайтын тізбек
сақтандырғышы орнартылған болса ғана
тиісті).
Дисплейдегі сорғы таңбасы жыпықтап тұр жəне
ақаулықтың қызыл көрсеткіші жыпықтап тұр.
Дисплейдегі ақаулық көрсеткіші - РЕЛЕ жəне
ақаулық коды - F018.
Сорғыны, сонымен бірге, моторды қорғайтын тізбек
сақтандырғышының параметрін тексеріңіз. Егер сорғы
бұғатталса, бұғаттауды кетіріңіз. Егер моторды
қорғайтын тізбек сақтандырғышының параметрі дұрыс
емес болса, оны қайта реттеңіз (параметрді зауыттық
тақтайшамен салыстырыңыз).
e) Мотордың
/қуат көзінің кабелі ақаулы немесе
қосылымдар босаған.
Мотордың жəне қуат көзінің кабелін тексеріңіз.
Қажет болса, кабельді ауыстырыңыз немесе
қосылымдарды қайта бекемдеңіз.
f) Дисплейдегі ақаулық көрсеткіші - ДАТЧИК жəне
ақаулық коды - F005 жəне/немесе F006.
Деңгей датчигін тазартыңыз (10.4 Деңгей датчигін
тазалау бөлімін қараңыз), жəне қайта іске қосыңыз.
Басқару тақтасындағы кабельді жəне қосылымды
тексеріңіз. Егер сигнал
əлі де дұрыс емес болса,
Grundfos қолдау қызметіне хабарласыңыз.
g) Модульдің қуат тізбегінің тақтасы немесе жарық
диоды тақтасы ақаулы.
Қуат тізбегі тақтасын немесе жарық диоды тақтасын
ауыстырыңыз.
2. Сорғы тіпті кіріс
ағын болмаса да,
тым жиі іске
қосылады/
тоқтайды.
a) Деңгей датчигі істен шығады. Датчик дұрыс емес
сигнал береді.
Деңгей датчигін тазартыңыз (10.4
Деңгей датчигін
тазалау бөлімін қараңыз).
b) Жұмыс уақытында қорғау белсендірілген, сорғы
мен уақыт таңбалары жыпықтап тұр, қызыл жарық
диоды жыпықтап тұр жəне дисплейде F011
жəне/немесе F012 ақаулық коды көрсетілген.
Егер сорғы 3 минуттан көбірек жұмыс істесе,
контроллердің қорғау бағдарламасы сорғыны
3 минутқа тоқтатады жəне екінші сорғы іске
қосылады. Келесі іске қосу импульсында, бірінші
сорғы қайта
белсендіріледі. Егер желдету мəселесі
қайталанса, сорғы 3 минуттан кейін тоқтатылады
жəне т.с.с.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қалыпты жұмыс уақыты -
міндет нүктесіне жəне тиімді қойма көлеміне
байланысты 60 секундқа дейін.
Шығару клапаны ашық екенін тексеріңіз.
Сорап корпусының желдетілуін тексеріңіз.
Бұғатталған болса, желдету тесігін тазалаңыз.
33 - суретті қараңыз.
c) Жылулық қосқыш сорғыны ажыратты.
Дисплейдегі сорғы жəне жылулық
қосқыш
таңбалары жыпықтап тұр жəне ақаулықтың қызыл
көрсеткіш шамы тұрақты қосылып тұр.
Дисплейдегі ақаулық көрсеткіші - ТЕМП жəне
ақаулық коды - F005 жəне/немесе F006.
Сорғыны суытыңыз. Салқындатудан кейін сорғы
LC 221 қолмен қайта іске қосуға орнатылғанша
автоматты түрде қайта іске қосылады. 8.4 LC 221
контроллерін орнату бөлімін қараңыз. Солай болса,
ҚОСУ-ӨШІРУ-АВТО таңдау қосқышын қысқа мерзімге
ӨШІРУ () күйіне
орнату керек.
Кіріс ағыны параметрлерін жəне бір бағыттық
клапанды тексеріңіз.
Қауіп төмен, бірақ бір бағыттық клапанның жапқышы
ағатын болса, шығару құбырындағы сұйықтық артқы
ағуы мүмкін.
Ұзақ аралықтарда салқындату уақытынсыз іске
қосулардың жоғары саны жылулық ажыратуды
тудыруы мүмкін. S3 міндетін қарастырыңыз.
12. Техникалық деректер бөлімін қараңыз.
Сондай-ақ, 10.4 Деңгей датчигін тазалау бөлімін
қараңыз.
3. Кейде бір сорғы
белгісіз себеппен
іске қосылады
a) Соңғы жұмыстан 24 сағаттан кейін сынақ іске
қосуды орындаңыз.
Ешбір əрекет қажет емес. Бұл білік тығыздауышының
тұрып қалуын болдырмайтын қауіпсіздік функциясы.