184 Қазақ 2073070
*2073070*
Аккумуляторлық аспапты пайдалану және оған қарау
▶ Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш
құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз. Зарядтағыш құрылғыны
тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт
туындауы мүмкін.
▶ Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды
қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға
әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың
тұйықталуының себебі болуы мүмкін скрепкалардан,
тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа
металл заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының
тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға әкелуі мүмкін.
▶ Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан
электролит ағып шығуы мүмкін. Оған тиюді болдырмаңыз.
Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде
дәрігер көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит
тері тітіркенуін немесе күйіктерді тудыруы мүмкін.
▶ Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды
қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды
болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
▶ Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан
алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130 °C (265 °F) жоғары температуралар
жарылыс тудыруы мүмкін.
▶ Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және
аккумулятор не аккумуляторлық құралды ешқашан пайдалану
бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура
ауқымдарынан тыс зарядтау аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін
арттыруы мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді
қолданатын білікті қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр
құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз етеді.
▶ Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз.
Аккумулятордың толық күтімін тек өндіруші немесе өкілетті қызмет
көрсету орталықтары орындауы тиіс.