*2073070*
2073070 Қазақ 191
5.2 Аккумуляторды орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың
құлауынан!
▶ Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және
өнімдегі контактілерде бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶ Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1. Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
2. Аккумуляторды аспап ұстағышына шерту дыбысы шыққанша мұқият
салыңыз.
3. Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
5.3 Аккумуляторды шығару
1. Аккумулятордың босату түймелерін басыңыз.
2. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз.
5.4 Бүйірлік тұтқышты орнату және реттеу 2
▶ Бүйірлік тұтқышты орнатыңыз немесе реттеңіз.
5.5 Белдікке ілуге арналған ілгекті орнату (қосымша) 3
Белдікке ілуге арналған ілгектің көмегімен арнайы электр құралды
белдікке бекітуге болады. Оны оң және сол жақтан ұстау үшін орнатуға
болады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі электр құралдың құлауынан!
▶ Жұмысты бастау алдында белдік ілгегі берік бекітілгенін тексеріңіз.
1. Белдікке ілуге арналған ілгекті орнатыңыз.
2. Электр құралыңызды белдікке ілуге арналған ілгекке бекітіңіз.
3. Белдікке ілуге арналған ілгек пен электр құралдың берік ұсталғанын
қадағалаңыз.
5.6 Алмалы-салмалы аспапты енгізу
1. Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын ортаңғы күйге ортатыңыз
немесе аккумуляторды аспаптан ажыратыңыз.
2. Алмалы-салмалы аспаптың енгізу шеті таза екендігіне көз жеткізіңіз.
Қажет болса, оны тазалаңыз.
3. Жылдам қысқыш бұрғы патронын ашыңыз.
4. Алмалы-салмалы аспапты жылдам тартылатын патронға салыңыз да,
бірнеше механикалық шырт еткен дыбысты естігенше оны тығыз
бекемдеңіз.
5. Алмалы-салмалы аспаптың берік бекітілгенін тексеріңіз.