EasyManuals Logo

Hilti SF BT 22-A User Manual

Hilti SF BT 22-A
Go to English
240 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #191 background imageLoading...
Page #191 background image
*2127431*
2127431 Қазақ 185
7 Аккумуляторлық құралдар мен аккумуляторларды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !
Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз!
Аккумулятор(лар)ды шығарыңыз.
Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз. Тасымалдау барысында аккумуляторларды
шамадан артық соққы мен дірілден қорғау және олардың басқа батарея полюстерімен жанасуына
және қысқа тұйықталудың туындауына жол бермеу үшін кез келген ток өткізгіш материалдардан
немесе басқа аккумуляторлардан оқшаулау керек. Аккумуляторларға арналған жергілікті
тасымалдау ережелерін сақтаңыз.
Аккумуляторларды поштамен жіберуге болмайды. Зақымдалмаған аккумуляторларды жіберу қажет
болғанда, жеткізуші кәсіпорындарға хабарласыңыз.
Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзақ уақыт бойы тасымалдағаннан кейін
зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
Сақтау
ЕСКЕРТУ
Бүлінген немесе заряды таусылған аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу !
Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып сақтаңыз!
Өнім мен аккумуляторларды салқын және құрғақ жерде сақтаңыз. Техникалық деректерде
көрсетілген температураның шектік мәндерін ескеріңіз.
Аккумуляторларды зарядтағыш құрылғыда сақтамаңыз. Аккумуляторды зарядтағаннан кейін
әрдайым зарядтағыш құрылғыдан шығарыңыз.
Аккумуляторларды еш жағдайда күн мен жылу көздерінің астында немесе шыны әйнек артында
сақтамаңыз.
Өнім мен аккумуляторларды балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзақ уақыт бойы сақтағаннан кейін
зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
8 Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti сервис
орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық Ықтимал себеп Шешім
Аккумулятор бекітілгенде
оған тән "қос шырт еткен
дыбыс" естілмейді.
Аккумулятордағы құлып
шоқылары кірленген.
Тіреуіш шығыңқы
жерлерін тазалаңыз және
аккумуляторды салыңыз.
Мәселе шешілмесе,
Hilti сервис орталығына
хабарласыңыз.
Сөндіргіш басылмайды,
яғни, бұғатталған.
Қосылу блокираторы
белсендіріледі.
Қосылу блокираторының
сөндіргішін бүйірінен басыңыз
(сол жаққа қарап тұрған
жұмыс бағытымен).
Аспап жұмыс істемейді. Аккумулятор толығымен
салынбаған.
Аккумуляторды шырт еткен
дыбыс естілгенше бекітіңіз.
Аспап қызмет етпейді,
жарық диоды
жыпылықтайды.
Аккумулятор заряды бос. Аккумуляторды алмастырып,
бос аккумуляторды
зарядтаңыз.
Аспап жұмыс кезінде
өшеді, аккумулятор
индикаторының 4 жарық
диоды жыпылықтайды.
Шамадан тыс жүктемеден қорғау
қосылды.
Негізгі сөндіргішті босатып,
қайта басыңыз.
Қызып кетуден қорғау қосылды. Аспапты суытыңыз. Желдету
саңылауын тазалаңыз.

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Hilti SF BT 22-A and is the answer not in the manual?

Hilti SF BT 22-A Specifications

General IconGeneral
BrandHilti
ModelSF BT 22-A
CategoryDrill
LanguageEnglish

Related product manuals