27
1 Маңызды
ақпарат
Қауіпсіздік
Ылғалдандырғышты
пайдаланбастан бұрын осы
пайдаланушы нұсқаулығын
мұқият оқып шығыңыз да, оны
келешекте анықтама алу үшін
сақтап қойыңыз.
Қауіпті
• Ылғалдандырғыш айналасында
инсектицидтер немесе әтір
сияқты ешбір тұтанғыш
материалдарды бүркемеңіз.
• Су ыдысындағы су ішуге
жарамсыз. Бұл суды ішпеңіз
және оны жануарларға беру
немесе өсімдіктерді суғару
үшін пайдаланбаңыз. Су
ыдысын босатқанда суды
құбырға төгіңіз.
Ескерту
• Ылғалдандырғышты қосар
алдында, ылғалдандырғыштың
төменгі жағында көрсетілген
кернеу жергілікті қуат
кернеуіне сәйкес келетінін
тексеріңіз.
• Егер қуат сымы зақымдалған
болса, қауіптің алдын алу үшін,
оны тек Philips компаниясына,
Philips рұқсат берген қызмет
көрсету орталығына немесе
соған ұқсас біліктілігі бар
мамандарға алмастыртыңыз.
• Аша, қуат сымы немесе
ылғалдандырғыштың
зақымданған болса,
ылғалдандырғышты
пайдаланбаңыз.
• Бұл ылғалдандырғыш
физикалық, сезімталдық
немесе ақыл-ой қабілеттері
төмен адамдардың (оның
ішінде балалар), тәжірибесі
және білімі жоқ адамдардың
қолдануына арналмаған,
олардың қауіпсіздігіне
жауап беретін адам
оларға жетекшілік етіп,
ылғалдандырғышты қалай
қолдану керектігін түсіндіруі
тиіс.
• Бұл құрылғы ойыншық
емес. Балаларды бақылап,
олардың ылғалдандырғышпен
ойнамауын қадағалау керек.
• Ауа кіріс жері мен ауа шығыс
жерін бітеп тастамаңыз,
мәселен ауа шығатын жерге
немесе ауа кіретін жердің
алдына зат қоймаңыз.