36
» Таңдалған ылғалдылық деңгейінің
шамы (40, 50 немесе 60) жанады.
» HU4802 үлгісінде, ауа ылғалдылығы
қажетті деңгейге жетпесе
ылғалдылық көрсеткішінің шамы
қызыл түсте жанады. Қажетті
деңгейге жеткен соң ол көк
түске ауысады. HU4803 үлгісінде
нақты ылғалдылық деңгейі басқару
панелінің орталығында көрсетіледі.
Кеңес
•
Ылғалдылықтың ең ыңғайлы деңгейі 40%-60%
арасында. Қажетті ылғалдылықтың 40%, 50% немесе
60%-дық деңгейін таңдауға болады.
Есте сақтаңыз
•
Ылғалдылық деңгейі алдын ала орнатылмаса, авто-
режимнен басқа режимдерде ауадағы ылғалдылық
70%, ал авто-режимде 50% көрсеткішіне жеткен
соң құрылғы жұмысы тоқтайды; HU4802 үлгісінде
ылғалдылық көрсеткішінің шамы өшірулі болады.
Су деңгейі
Су ыдысындағы су жеткіліксіз болса:
• су деңгейі төмендейді және қызыл түсті
көрсеткіші жыпылықтай бастайды.
• ылғалдандырғыш 30 минут бойы жұмыс
істейді, сосын өшеді.
Су ыдысына су толтыру қажет.
Есте сақтаңыз
•
30 минут ішінде су толтырылмаса, ылғалдандырғыш
жұмысы тоқтатылады. Қызыл түсті
көрсеткіш шамы
жыпылықтауы тоқтап, жанып қалады.
• Егер ылғалдандырғыш электр желісіне жалғанып, қуат
қосылған кезде су ыдысы бос болса, қызыл түсті
көрсеткіш шамы 2 минут бойы жыпылықтаған соң су
ыдысы сумен толтырылғанша жанып тұрады.
• Ыдыста судың біраз мөлшерінің қалып қоюы
қалыпты жағдай.