45
8 Ақауларды жою
Бұл тарауда ылғалдандырғышта орын алуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған.
Егер төменде берілген ақпарат көмегімен ақаулық жойылмаса, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық Мүмкін шешімі
Ылғалдандырғыш жұмыс
істемейді.
• Ылғалдандырғышқа ток келіп тұрғанын тексеріңіз.
• Су ыдысы сумен толтырылғанын және жоғарғы блок су
ыдысына дұрыстап қойылғанын тексеріңіз.
Ауаны ылғалдандырмайды. • Су ыдысы сумен толтырылғанын және жоғарғы блок су
ыдысына дұрыстап қойылғанын тексеріңіз.
• Ағымдағы ылғалдылық деңгейі 70% көрсеткішке жеткен соң
ылғалдандырғыш жұмысы тоқтайды. Ауадағы ылғалдылық
деңгейі 70%-дан артып кетсе, пайдаланушылар өздерін
жайсыз сезінуі мүмкін, сондықтан, ылғалдылықтың оңтайлы
деңгейін сақтау үшін, ылғалдандырғыш автоматты түрде
жұмысын тоқтатады..
Су ыдысынан су ағады. • Ылғалдандырғышқа артық су құйылмағанын тексеріңіз.
• Әр тазалаудан кейін, не болмаса толтыру үшін жоғарғы
блокты және/немесе су ыдысын алғаннан кейін
ылғалдандырғыш дұрыс жиналғанын/қосылғанын тексеріңіз.
• Су ыдысы дұрыс орналастырылғанын тексеріңіз. Егер мәселе
шешілмесе, еліңіздегі тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Ағымдағы ылғалдылық
көрсеткішінің өзгергені
көрінбейді.
• Ылғалдандыру сүзгісінің сүзгі тірегіне орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
• Ылғалдандыру сүзгісі ластанған. Ылғалдандыру сүзгісін
шайыңыз немесе қағын кетіріңіз («Ылғалдандыру сүзгісін
тазалау» тарауына қараңыз).
• Бөлме тым көп желдетілуі мүмкін. Есіктерді және
терезелерді жабыңыз.
• Бөлме тым үлкен. HU4802 және HU4803 үлгілері үшін
оңтайлы бөлме ауданы 25м².
Ылғалдандыру сүзгісінде біраз
жиналған ақ зат бар.
Жиналған ақ зат қақ деп аталады және судағы минералдардан
тұрады. Ылғалдандыру сүзгісіне жиналған қақ ылғалдандыру
сапасына әсер еткенімен, денсаулыққа зиян тигізбейді.
Пайдаланушы нұсқаулығында берілген тазарту бойынша
нұсқауларды орындаңыз.
Біраз уақыттан кейін сүзгі
сарғыштау түске боялады.
Сары түсті қалдықтар тампон материалының табиғи ізі болып
табылады, олар ылғалдандыру сапасына әсер етпейді. Қақты
жою үшін ылғалдандыру сүзгісін жиі тазарту керек және
ылғалдандыру сүзгісін үш ай сайын ауыстыру керек.