137
4 Қайта зарядталатын батареялар
сыйымдылығының 30%-ынан артығы қуатпен
толғанда батарея күйінің көрсеткішіндегі
екінші бөлік жыпылықтай бастайды.
5 Қайта зарядталатын батареялар
сыйымдылығының 50%-ынан артығы қуатпен
толғанда батарея күйінің көрсеткішіндегі
үшінші бөлік жыпылықтай бастайды.
6 Қайта зарядталатын батареялар толғанда,
келесі жағдай орын алады:
• Батарея күйінің көрсеткішіндегі үшінші
бөліктің жыпылықтауы тоқтайды.
• Дисплей 4 секунд бойы жанып тұрады
және дисплейде «BATTERY FULL»
(БАТАРЕЯ ҚУАТЫ ТОЛЫ) хабары
пайда болады.
• Батарея күйінің шамы тұтас жасыл
түспен жанады.
2 Ата-ана модулін токқа қоспасаңыз, рет-
ретімен мыналар орындалады:
1 Нәресте модулімен байланыс үзіледі.
2 Дисплей сөнеді.
3 Ата-ана модулі өшеді.
D
Ескертпе:
Егер ата-ана модулін оның қайта зарядталатын
батареяларындағы қуат таусылуға таяғанда
қоссаңыз, дисплей жанады. Ата-ана модулі өшіп
қалмағанға дейін 2 секунд бұрын дисплейде
«BATTERY LOW» (БАТАРЕЯ ҚУАТЫ
ТӨМЕН») хабары пайда болады.
6.3.3Зарядтау
Ата-ана модулінің шағын ашасын кіргізіп,
адаптерді қабырға розеткасына қосыңыз. Ата-
ана модулі зарядтала бастағанда рет-ретімен
мыналар орындалады:
1 Дисплей 4 секунд бойы жанып тұрады және
экранда «CHARGING» (ЗАРЯДТАЛУДА)
мәтіні 2 секундқа пайда болады.
2 Ата-ана модулі желіге қосылғанда, батарея
күйінің шамы тұтас жасыл түспен жанады.
3 Батарея күйінің көрсеткішіндегі бірінші
бөлік жыпылықтай бастайды, бұл қайта
зарядталатын батареялардың зарядталып
жатқанын көрсетеді.
ҚАЗАҚША