117
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
EN
2.5 ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
A) Электр құралының ашалары розеткаға сәйкес келуі қажет.
Ашаны еш уақытта өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер штепсельдерін
жерге тұйықталған электр құралдарымен бірге пайдаланбаңыз.
Өзгертілмеген ашалар мен сәйкес келетін розеткалар электр тогының
соғу қаупін азайтады.
B) Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары және тоңазытқыштар
сияқты жерге тұйықталған заттарға денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз
жерге тұйықталған заттармен жанасса, электр тогының соғу қаупі
артады.
C) Электр құралдарын жаңбырдан немесе ылғалдан сақта
ңыз.
Электр құралына су кірсе, электр тогының соғу қаупі артады.
D) Сымды тек орнымен пайдаланыңыз. Электр құралының
сымын оны тасымалдау, тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін
пайдаланбаңыз. Сымды жоғары температурадан, майдан, өткір
шеттерден немесе жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз.
Зақымдалған немесе шатасқан сымдар электр тогының соғу қаупін
арттырады.
E) Электр құралын далада пайдаланған кезде, далада пайдалануға
жарамды ұзартқыш сымды пайдаланыңыз Далада пайдалануға
арналған сымды пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
F) Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе,
қ
орғанысты өшіру құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған жабдықты
пайдаланыңыз. ҚӨҚ құрылғысын пайдаланғанда, электр тогының соғу
қаупі азаяды.
2.6 ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК
A) Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, іс-әрекетіңізге
байыптылықпен қарап, зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе
есірткі, ішімдік не дәрі-дәрмек қабылдаған болсаңыз, электр құралын
пайдаланбаңыз. Электр құралдарын пайдаланған кезде, зейін қоймау
салдарынан ауыр дене жарақатын алуыңыз мүмкін.
B) Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін
үнемі тағып жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын
арнайы аяқ-киім, каска немесе есту мүшесін қорғайтын бұйым сияқты
қорғаныс жабдығын тиісті жағдайларда пайдаланғанда жеке жарақат
алу қаупі азаяды.
C) Құралдың абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Қуат
көзіне және/немесе батареяға қоспас бұрын, құралды жинамай не
тасымалдамай тұрып, ауыстырып-қосқыштың өшірулі күйде болуына
көз жеткізіңіз. Электр құралдарын ауыстырып-қосқышынан ұстап
тасымалдау немесе ауыстырып-қосқыш қосулы күйде қуаттандыру
салдарынан оқыс оқиғалар орын алуы мүмкін.
D) Электр құралын іске қоспас бұрын, реттегіш кілттер мен сомынды
бұрайтын кілттерді алып тастаңыз. Электр құралының айналатын
бөлігінде бекітулі күйде қалған реттегіш кілт немесе сомынды
бұрайтын кілт дене жарақатына әкелуі мүмкін.
E) Құралға қарай қатты ұмтылмаңыз. Үнемі тұрақты қалыпта
тұрыңыз және тепе-теңдік сақтаңыз. Бұл кездейсоқ жағдайларда
электр құралын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
F) Тиісті түрде киініңіз. Кең киім кимеңіз немесе әшекей тақпаңыз.
Шашыңыз бен киіміңізді жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз.
Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектерге ілініп
қалуы мүмкін.
G) Құралдармен бірге шаң сору және шаң жинау жүйесі қамтамасыз
етілсе, олардың дұрыс жалғанып, пайдаланылатынына көз жеткізіңіз.
Шаңсорғыштарды пайдалану шаңға қатысты қауіптерді азайтады.
H) Құралды жиі пайдалану нәтижесінде босаңсып, қауіпсіздік
қағидаларын елеусіз қалдырмаңыз. Салғырттық таныту бір мезетте
ауыр жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін.
2.7 ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ
A) Электр құралына артық жүктеме түсірмеңіз. Жұмысыңыз үшін
дұрыс электр құралын пайдаланыңыз. Дұрыс электр құралы өзінің
арнайы жылдамдығында жұмысты едәуір тиімді әрі қауіпсіз түрде
орындайды.
B) Ауыстырып-қосқышы қосылмайтын және өшпейтін
электр құралын пайдаланбаңыз. Ауыстырып-қосқыш арқылы
басқарылмайтын кез келген электр құралы қауіпті және оны жөндеу
қажет.
C) Кез келген реттеулер жасамас бұрын, керек-жарақтарды
ауыстырмас бұрын немесе электр құралдарын ұзақ уақытқа сақтамас
бұрын, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе батареясы
бар болса, оны шығарып алыңыз. Мұндай сақтық шаралары электр
құралының кездейсоқ іске қосылу қаупін азайтады.
D) Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр құралымен немесе осы
нұсқаулармен таныс емес адамдарға құралды пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Электр құралдарын жаттықтырылмаған пайдаланушылар
қолданса, қауіп төнеді.
E) Электр құралдарына және керек-жарақтарға техникалық қызмет
көрсетіңіз. Жылжымалы бөлшектердің қисаюын немесе кептелуін,
бөлшектердің бұзылуын және электр құралының жұмысына әсер
етуі мүмкін басқа барлық жағдайдың бар-жоғын тексеріңіз. Электр
құралы зақымдалса, оны пайдаланар алдында жөндеңіз. Көптеген
оқыс оқиғалар электр құралдарына тиісті түрде техникалық қызмет
көрсетпеу салдарынан орын алады.
F) Кескіш құралдарды өткір және таза күйде ұстаңыз. Тиісті түрде
техникалық қызмет көрсетілген шеттері өткір кескіш құралдар бүгіліп
қалмайды және оларды басқару оңай болады.
G) Жұмыс жағдайларын және орындау қажет жұмысты назарға
ала отырып, электр құралын, керек-жарақтарды, құрал ұштықтарын
және т. б. осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Электр құралын
тағайындалған мақсатынан басқа мақсаттарда пайдалану әсерінен
қауіпті жағдай орын алуы мүмкін.